Lifestyle|Entertainment

«Оскар-2026» жеңімпаздары анықталды

АвторыВиктория Лебедева
16.03.2026
«Оскар-2026» жеңімпаздары анықталды
Бүгін Лос-Анджелестегі Dolby театрында 98-ші «Оскар» марапаттау рәсімінің шымылдығы түрілді

Биылғы додада 16 номинация бойынша үздік деп танылған Райан Куглердің «Күнәһарлар» вампирлік драмасы рекордтарды жаңарта түсті. Ал «Үздік фильм» мәртебесіне 13 номинациясы бар Пол Томас Андерсонның «Битва за битвой» триллері негізгі үміткер ретінде танылып отыр. Сондай-ақ алтын мүсінше үшін «Франкенштейн», «Бугония», «Хамнет», «Марти Великолепный», «Sentimental Value», «F1» және «Secret Agent» туындылары өзара бәсекеге түсті.

Ерлер арасындағы басты текетірес Майкл Б. Джордан («Күнәһарлар») мен Тимоти Шаламе («Марти Великолепный») арасында болды. Жақында өткен Киноактерлер гильдиясының кешінде Джордан қарсыласынан озып кеткенімен, Шаламе маусымның басты фавориті ретіндегі позициясын сақтап келе жатыр. Бұл додада олармен бірге Леонардо Ди Каприо («Битва за битвой»), Итан Хоук («Blue Moon») және Вагнер Моура («Secret Agent») да бақтарын сынап көрмек.

Актрисалар арасында Джесси Бакли («Хамнет») фаворит атанғанымен, оған Эмма Стоун («Бугония»), Кейт Хадсон («The Melody of Their Dreams»), Роуз Бирн («I’d Kick You If I Could») және Ренате Реинсве («Sentimental Value») сынды мықты қарсыластар лайықты бәсеке көрсетпек.

Сондай-ақ, биыл «Оскар» тарихында айтулы жаңалық орын алды: алғаш рет «Үздік кастинг» аталымы бойынша марапат тағайындалды. Ал салтанатты кештің тізгінін екінші жыл қатарынан Конан О’Брайен ұстап отыр.

«Оскар-2026» сыйлығының барлық жеңімпаздары

• «Үздік фильм» – «Битва за битвой»

• «Үздік режиссер» – Пол Томас Андерсон, «Битва за битвой»

• «Үздік актер» – Майкл Б. Джордан, «Күнәһарлар»

• «Үздік актриса» – Джесси Бакли, «Хамнет»

• «Екінші пландағы үздік актриса» – Эми Мэдиган, «Instruments»

• «Екінші пландағы үздік актер» – Шон Пенн, «Битва за битвой»

• «Үздік анимациялық фильм» – «K-Pop Demon Hunters»

• «Үздік қысқаметражды анимациялық фильм» – «The Girl Who Cried Pearls»

• «Үздік костюм дизайны» – Кейт Хоули, «Франкенштейн»

• «Үздік грим және шаш үлгісі» – «Франкенштейн»

• «Үздік кастинг» – Кассандра Кулукундис, «Битва за битвой»

• «Үздік қысқаметражды көркем фильм» – «The Singers» және «Two People Exchange Saliva»

• «Үздік бейімделген сценарий» – Пол Томас Андерсон, «Битва за битвой»

• «Үздік түпнұсқалық сценарий» – Райан Куглер, «Күнәһарлар»

• «Үздік қоюшы суретші жұмысы» – Тамара Деверелл мен Шейн Вио, «Франкенштейн»

• «Үздік визуалды эффектілер» – «Аватар: От пен күл»

• «Үздік деректі фильм» – «Mr. Nobody vs. Putin»

• «Үздік қысқаметражды деректі фильм» – «All the Empty Rooms»

• «Үздік саундтрек» – Людвиг Йоранссон, «Күнәһарлар»

• «Үздік дыбыс» – «F1»

• «Үздік монтаж» – «Битва за битвой»

• «Үздік операторлық жұмыс» – «Күнәһарлар»

• «Үздік халықаралық фильм» – «Sentimental Value»

• «Фильмдегі үздік ән» – Golden, «K-Pop Demon Hunters»