«Властелины Вселенной»
- Шығу уақыты: 5 маусым
Бұл – «Властелины Вселенной» (Masters of the Universe) атты 80-шы жылдардың атақты ойыншықтар топтамасы мен мультсериалы желісімен түсірілген жаңа көркем фильм. Сюжет бойынша Адам есімді ханзада зұлым сиқыршы Скелеторға тойтарыс беру үшін құдіретті жауынгер Хи-Менге айналады. Фильм көрерменге фэнтези мен ретро-футуризмнің ерекше үйлесімін, алып қылыштар мен Боевой Кот атты жолбарыс-мысығын ұсынып, таңғажайып әсер сыйламақ.
«Ойыншықтар хикаясы – 5»
- Шығу уақыты: 19 маусым
Pixar студиясының сүйікті кейіпкерлері қайта оралды. Бұл жолы Вуди, Базз Лайтер және олардың достары мүлдем жаңа қауіппен – дәстүрлі ойындарды ысырып жатқан заманауи планшеттермен және жасанды интеллекті бар ойыншықтармен бетпе-бет келеді. Енді олар ескі достық пен шынайы қиялдың әлі де қаншалықты маңызды екенін дәлелдеуі тиіс.
«Супергерл»
- Шығу уақыты: 26 маусым
Суперменнің немере қарындасына арналған жеке фильм. Оқиғаның өзегінде Арго ғаламшары жойылғаннан кейін Жерден өз орнын табуға тырысқан Кара Зор-Элдің тағдыры жатыр. DC студиясының бұған дейінгі түнекке толы картиналарына қарағанда, бұл лента есею мен өз күшін сезіну туралы жарқын шытырман оқиға рухында түсірілген.
«Чудаки: Лучшее и последнее»
- Шығу уақыты: 26 маусым
Комедиялық экшен әрі, атауынан байқалып тұрғандай, танымал франшизаның қорытынды бөлімі. Джонни Ноксвил мен өлімнен қорықпайтын каскадер-мазохистер тобы қауіпті трюктер, ақылға сыймайтын әзілдер мен ауыр соққылар саны бойынша жеке рекорд орнатуға уәде беріп отыр. Жоба авторларының айтуынша, атаудағы «соңғы» сөзі бұл жолы «ең ауыр» дегенді білдіреді.
«Моана»
- Шығу уақыты: 10 шілде
Диснейдің анимациялық хиті негізінде түсірілген толықметражды көркем фильм. Дуэйн Джонсон жартылай құдай Мауи рөліне қайта оралса, жас теңізші Моананың бейнесін жаңа жұлдыз сомдайды. Жаңа картина өз аралын қарғыстан құтқару үшін Мауидің мұхит кешкен қауіпті саяхатты баяндайды. Оған қоса, көрермен Мауидің денесіндегі татуировкалардың қалай пайда болғанын көрсететін жаңа сахналарды тамашалай алады.
«Одиссея»
- Шығу уақыты: 17 шілде
Universal студиясы ұсынып отырған аса ауқымды эпикалық жоба. Бюджеті 200 миллион долларға жуықтайтын бұл картина – Гомердің поэмасын экранға шығарудағы өте батыл қадам. Көрерменді циклоптар мен сиреналар, сұрапыл дауылдар және әйеліне қарай жол тартқан айлакер бас кейіпкердің 10 жылдық сергелдеңі күтіп тұр. Фильмнің визуалды стилі «Дюна» мен «Гладиатор» туындыларының деңгейінде болады деп күтілуде.
«Өрмекші адам: Жаңа күн»
- Шығу уақыты: 31 шілде
Питер Паркердің басынан кешкен оқиғаларының жаңа тарауы. Өткен фильмдердегі оқиғалардан кейін жұрт масканың артында кім жасырынып тұрғанын мүлдем ұмытқан. Енді Питер өз өмірін, Недпен достығын және ЭмДжеймен қарым-қатынасын жаңадан құруға мәжбүр. Онымен қоймай, ол жаңа зұлыммен – бәлкім, бірнеше жаумен де – күресуіне тура келеді.
«Подростковый секс и смерть в лагере «Миазма»
- Шығу уақыты: 7 тамыз
Тәуелсіз режиссердің қолынан шыққан, атауының өзімен-ақ желіде тез таралып үлгерген слэшер. Бір топ студент қараусыз қалған лагерьде кеш ұйымдастырады. Алайда олар өз араларына сырттан тағы бір бейтаныс адамның қосылғанынан мүлдем бейхабар. Бұл туынды – классикалық «Пятница, 13-е» мен қазіргі заманғы жасөспірімдер драмасының қанды қоспасы.
«Созвездие пса»
- Шығу уақыты: 28 тамыз
20th Century студиясы түсірген постапокалиптикалық фантастика. Питер Хеллердің романының экранизациясы. Әлемді өлімге әкелетін вирус жайлағаннан кейін, шағын ұшақтың ұшқышы (Пол Мескалдың сомдауында) өзінің адал итімен бірге бос қалған әуежайды паналайды. Алайда, кенеттен апаттық сигнал алған ол тірі қалған басқа да адамдарды табу үмітімен өте қауіпті саяхатқа аттанады.
