Lifestyle|Entertainment

«Оно-2» және «Прослушка» жұлдызы Джеймс Рэнсон өмірден озды

Автор Виктория Лебедева
22.12.2025
«Оно-2» және «Прослушка» жұлдызы Джеймс Рэнсон өмірден озды
Актер 46 жасында қайтыс болды

Лос-Анджелесте көрерменге «Прослушка» (Wire) сериалы мен «Оно-2» (It-2) фильмі арқылы танылған америкалық актер Джеймс Рэнсон дүние салды. Сот-медициналық сараптаманың мәліметінше, ол өз-өзіне қол жұмсаған. Variety басылымы хабарлағандай, қайғылы оқиға Рэнсонның өз үйінің аумағындағы қосалқы ғимаратта орын алған.

Актердің атақ-даңқы 2003 жылы, HBO телеарнасының әйгілі «Прослушка» драмалық сериалының екінші маусымында Зигги Соботканың рөлін сомдағанда шыңына жетті. Бұл жұмыс Рэнсонның телевизия әлеміне жолын ашып, кейінгі жылдары ол «Поколение убийц», «Тремэ» және «Бош» сияқты ірі жобаларға қатысты.

Телевизиямен қатар Рэнсон кино саласында да белсенді болды. Ол «Синистер» және «Синистер-2» қорқынышты фильмдерінде, «Мандарины» драмасында, «Идеальный парень» триллерінде ойнады. Сондай-ақ Стивен Кингтің романы бойынша түсірілген «Оно-2» фильмінде ересек Эдди Каспбрактың бейнесін сомдап, көпшіліктің есінде қалды.

Алайда актердің жеке өмірі ауыр сынақтарға толы еді. 2021 жылы Джеймс бала кезінде көрген зорлық-зомбылық туралы ашық айтып, соның салдарынан терең психологиялық жарақат алғанын, ішімдік пен есірткіге тәуелділікпен күрескенін мойындаған болатын. 2000-жылдардың ортасында ол бұл дертті жеңіп шыққан еді. 2020 жылы Рэнсон әділдік іздеп, Балтимор полициясына жүгінгенімен, арада бірнеше ай өткенде қозғалған іс айғақтардың жеткіліксіздігіне байланысты жабылып қалды.