Гильермо дель Тородан кейін Мэгги Джилленхол да «Франкенштейннің» өз нұсқасын – «Невеста» картинасын ұсынды
Warner Bros. компаниясы Мэгги Джилленхолдың «Невеста» атты жаңа хоррор-фильмінің алғашқы трейлерін таныстырды. Бұл туынды – 1935 жылы жарық көрген классикалық «Невеста Франкенштейна» фильмі мен Мэри Шеллидің атақты романының желісімен түсірілген жаңа интерпретация.
Оқиға желісі 1930 жылдардағы Чикагода өрбиді. Онда Франкенштейн есімді құбыжық доктор Эвфрониусқа келіп, өзіне серік жаратып беруін сұрайды. Нәтижесінде олар бірігіп, кісі қолынан қаза тапқан бір әйелдің денесіне жан бітіреді.. Бұл оқиға полицияның назарын аударып, қоғамдық өзгерістерге түрткі болып, құштарлыққа толы махаббат хикаясына ұласады.
Қалыңдық пен Франкенштейн құбыжығының рөлдерін Джесси Бакли мен Кристиан Бейл сомдаса, картинаға сондай-ақ Пенелопа Крус, Аннетт Бенинг, Питер Сарсгаард және Джейк Джилленхол да түскен. Фильмнің визуалды бөлігіне «Джокер» фильмімен танымал оператор Лоуренс Шер, костюм суретшісі Сэнди Пауэлл («Золушка», 2015) және қоюшы-суретші Карен Мерфи («Элвис») жауапты болды.
«Невеста» фильмінің премьерасы 2026 жылдың 6 наурызына жоспарланған.