Lifestyle|Entertainment

MTV VMA 2025: Нью-Йорктегі жұлдызды түннің жеңімпаздары кімдер?

Автор Индира Тлегенова
08.09.2025
Леди Гага MTV Video Music Awards 2025 марапаттау рәсімінде I Getty Images
IMAGE Леди Гага MTV Video Music Awards 2025 марапаттау рәсімінде I Getty Images

Леди Гага мен Ариана Гранде – MTV Video Music Awards 2025 салтанатының басты жұлдыздары атанды

Нью-Йорк қаласы 42-ші рет MTV Video Music Awards салтанатының куәсі болды. 1984 жылдан бері музыка әлемінің ең үздік бейнебаяндары мен хиттерін анықтап келе жатқан бұл кештің басты жұлдыздары – Леди Гага мен Ариана Гранде болды. Кештің ең басты марапаты – «Жыл видеосы» аталымын Ариана Гранде өзінің Brighter Days Ahead туындысымен жеңіп алды. Әнші жалпы есепте «Үздік поп-видео» және «Үздік ұзақ видео» санаттарын қоса алғанда, үш мүсіншені қанжығасына байлады.

«Жыл артисі» атағын Леди Гага иеленді. Алайда, бұл марапат әнші үшін оңай болған жоқ: дауысына байланысты қиындықтар туындап, ол Майамидегі концертін тоқтатуға мәжбүр болды. Дегенмен, VMA сахнасында сөз сөйлегеннен кейін бір жарым сағаттан соң, ол Madison Square Garden-де Abracadabra және The Dead Dance әндерімен керемет шоу көрсетіп, нағыз кәсіби екенін дәлелдеді.

Сабрина Карпентер де кештің басты жеңімпаздарының қатарынан көрінді. Оның Short n’ Sweet альбомы «Жыл альбомы» марапатын алса, орындаушының өзі «Үздік поп-артист» деп танылды.

Сондай-ақ, биыл «Үздік поп-артист» және «Үздік кантри-видео» атты жаңа номинациялар қосылды. Бұл мүсіншелерді сәйкесінше Сабрина Карпентер мен Megan Moroney (Am I Okay? бейнебаяны үшін) иеленді. Ал музыкаға сіңірген ерен еңбегі үшін Мэрайя Кэри (Video Vanguard Award), Баста Раймс (Rock the Bells Visionary Award) және Рики Мартин (Latin Icon Award) арнайы марапаттарға лайық деп танылды.

Ариана Гранде | Getty Images
IMAGE Ариана Гранде | Getty Images
Сабрина Карпентер | Getty Images
IMAGE Сабрина Карпентер | Getty Images
Леди Гага | Getty Images
IMAGE Леди Гага | Getty Images
Мэрайя Кэри | Getty Images
IMAGE Мэрайя Кэри | Getty Images
Рики Мартин | Getty Images
IMAGE Рики Мартин | Getty Images
Меган Морони | Getty Images
IMAGE Меган Морони | Getty Images
Busta Rhymes | Getty Images
IMAGE Busta Rhymes | Getty Images
Розэ | Getty Images
IMAGE Розэ | Getty Images

2025 MTV VMA жеңімпаздарының толық тізімі

Жыл бейнебаяны – Ариана Гранде, Brighter Days Ahead
Жыл әртісі – Леди Гага
Жыл әні – Роуз және Бруно Марс, APT.
Үздік альбом – Сабрина Карпентер, Short n' Sweet
Үздік музыкалық топ – Blackpink
Үздік жаңа әнші – Алекс Уоррен
Үздік поп әртісі – Сабрина Карпентер
Жарқын жұлдыздың үздік өнер көрсетуі (MTV Push Performance of the Year) – KATSEYE, Touch
Үздік ынтымақтастық: Леди Гага мен Бруно Марс, Die With a Smile
Үздік поп бейнебаян – Ариана Гранде, Brighter Days Ahead
Үздік хип-хоп бейнебаян – Doechii, Anxiety
Үздік R'n'B бейнебаян– Мэрайя Кэри, Type Dangerous
Үздік альтернативті бейнебаян – Sombr, Back to Friends
Үздік рок бейнебаян – Coldplay, All My Love
Үздік латина-бейнебаяны – Шакира, Soltera
Үздік K-Pop бейнебаян – Lisa ft. Doja Cat & Raye, Born Again
Жаздың үздік әні : Тэйт МакРэй, Just Keeping
Үздік афробитс-бейнебаян– Tyla, Push 2 Start
Үздік кантри-бейнебаян – Меган Морони, Am I Okay?
Үздік ұзақ бейнебаян – Ариана Гранде, Brighter Days Ahead
Үздік режиссер – Леди Гага, Abracadabra
Үздік арт-режиссер – Леди Гага, Abracadabra
Үздік операторлық жұмыс – Кендрик Ламар, Not Like Us
Үздік хореография – Doechii, Anxiety
Үздік визуалды эффектілер – Сабрина Карпентер, Manchild