A24 Movie Log арқылы киномандар өздерінің көру тарихын аналогтық форматта жүргізе алады
A24 студиясы киносүйер қауымға арналған мінсіз блокнот – Movie Log-ты таныстырды. Бұл блокноттың тұжырымдамасы Letterboxd платформасына ұқсайды, ол көрген фильмдеріңізді белгілеп, бағалауға, рецензиялар мен ойларыңызды жазуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, картинаның атауын, режиссерлер мен актерлердің есімдерін, көрген жеріңіз бен күнін белгілеп, болашақта көргіңіз келетін фильмдердің тізімін де жүргізе аласыз. Минималистік дизайндағы 176 беттік бұл блокнотқа қазірдің өзінде компанияның ресми сайтында алдын ала тапсырыс қабылданып жатыр, ал жеткізу 31 қазаннан басталады.
3 фотоның / 1 фотосы Movie Log | shop.a24films.com



