Меган Маркл ханзада Гарримен және балаларымен Ұлыбританияға оралған еді. Осы жаңалықтан кейін оның Гай Ричидің сериалына түсуі мүмкін деген сыбыс қаулай жөнелді. Өйткені The Gentlemen түсірілімі дәл осы Лондонда және оның маңында өтіп жатыр. Deadline басылымы Марклға әлі белгісіз рөл ұсынылуы мүмкін екенін жазды. Ал The Hollywood Reporter қазіргі уақытта оған арнап арнайы кейіпкер жазылып жатқанын алға тартты. Netflix басшысы Манда Левин де: «Бәрі де мүмкін», – деп бұл қызығушылықты одан әрі қыздыра түсті.
Бұл талқылауларға криминалды сериалдың басты рөлін сомдаушы Эдди, яғни Тео Джеймс қана нақтылық енгізуге батылы барды. Ол өзінің ғашығының рөліне патша отбасының басқа өкілі – 66 жастағы Йорк герцогинясы Сара Фергюсонды алғанын әзілдеп жеткізді. Нағыз британдық юмор деген осы. Сондай-ақ Джеймс Маркл туралы ақпаратты құр сөз деп атады. Әзірге актрисаның өкілдері бұл жобаға қатысты ешқандай ресми мәлімдеме жасамады.
Естеріңізге сала кетейік, The Gentlemen сериалының екінші маусымы кеше ғана жарыққа шықты. Ал жоба қазірдің өзінде үшінші маусымға ұзартылды. Тео Джеймстің айтуынша, жаратушылар сериал әлемін кеңейтіп, кейіпкерлерді басқа елдерге жіберуді жоспарлап отыр.
