Lifestyle|Entertainment

«Marvel Zombies»: комикс кейіпкерлерінің тірі өлікке айналуы

Автор Егор Ходаков
25.09.2025
«Marvel Zombies» анимациялық сериалынан кадр
IMAGE «Marvel Zombies» анимациялық сериалынан кадр

Капитан Америка, Танос, Құмырсқа-адам, Нэмор және басқалары «Marvel Zombies» сериалында тірі өлікке айналды

Disney+ стримингінде Marvel Animation студиясының 17+ жас рейтингі бар алғашқы жобасы – «Marvel Zombies» атты анимациялық мини-сериал жарық көрді. Бұл зомби-әлемі алғаш рет «Что, если…?» сериал-антологиясының бір эпизодында пайда болған еді. Сюжет тірі өлікке айналған «Кек алушылар» мен басқа да кейіпкерлердің аман қалғандарды аулайтын постапокалиптикалық әлемде өрбиді.

Хикаяның ортасында – Қара жесір, Қызыл Сақшы, Шан-Чи сияқты тірі қалған кейіпкерлермен бірге адамзатты құтқарудың жолын іздеуге мәжбүр болған Мисс Марвел тұр. Олардың басты жауы – енді «Қызыл ханшайым» атағын иеленіп, аяусыз тірі өліктер армиясын басқаратын құдіретті Ванда Максимофф. Кейіпкерлерді дыбыстауға Иман Веллани, Элизабет Олсен, Пол Радд, Флоренс Пью, Дэвид Харбор сияқты бұрынғы актерлік құрамның жұлдыздары қайта оралды.

«Marvel Zombies» сериалының барлық төрт эпизоды қазірдің өзінде Disney+ платформасында қолжетімді.