Lifestyle|Entertainment

Маңғыстауда Джеки Чанның қатысуымен «Доспехи Бога – 4» фильмінің түсірілімі басталды

АвторыTatler Kazakhstan
15.06.2026
Джеки Чан 2025 жылдың 10 тамызында Швейцарияның Локарно қаласында өткен 78-ші кинофестивальде | Фотограф: Алессандро Левати | Getty Images
IMAGE Джеки Чан 2025 жылдың 10 тамызында Швейцарияның Локарно қаласында өткен 78-ші кинофестивальде | Фотограф: Алессандро Левати | Getty Images
Фильмнің прокатқа қашан шығатыны әзірге белгісіз

«Доспехи Бога – 4: Ультиматум» атты экшн-фильмінің түсірілім тобы Маңғыстау облысында өз жұмысын бастады. Бұл ауқымды жобаны қазақстандық Salem Entertainment пен Dala Edge Creative Tech Park компаниялары бірлесіп жасауда.

Түсірілімнің басты локациясы ретінде Бозжыра шатқалы таңдалды. 7-12 маусым аралығында 35 адамнан құралған топ жаңа картинаның алғашқы сахналарын түсіріп үлгерді. Әзірге желіде жарияланған кадрлардан басты рөл иесі, 71 жастағы Джеки Чанның өзі байқалмайды.

Шығармашылық топты облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай арнайы қарсы алды. «Біз креативті экономиканы дамытатын, мәдени мұрамызды дәріптейтін және өңірдің туристік әлеуетін арттыратын кез келген бастамаға жан-жақты қолдау көрсетуге дайынбыз», – деді әкім.

Естеріңізге сала кетейік, Джеки Чан Қазақстанда кино түсіреді деген сыбыс 2025 жылы тарай бастаған еді. Сол кезде әлем жұлдызын Алматы әуежайынан байқағандар табылды. Кейінірек Salem Entertainment студиясы бұл туынды әйгілі «Доспехи Бога» франшизасының қорытынды бөлімі болатынын ресми түрде растады.