Lifestyle|Entertainment

Мамыр айының басты кино премьералары

АвторыВиктория Лебедева
01.05.2026
«Мандалорец и Грогу» фильмінен көрініс| IMDb
IMAGE «Мандалорец и Грогу» фильмінен көрініс| IMDb
Қылмыс ашатын қойлар, ирландиялық мыстан кемпір және Мандалорлықтың хикаясы. Көктеммен қоштасар айда қандай фильмдерді назардан тыс қалдырмаған жөн? Толық нұсқаулығымызбен таныс болыңыздар

Хокум

  • Шығатын күні: 1 мамыр
  • Басты рөлдерде: Адам Скотт, Питер Кунан, Дэвид Уилмот, Флоренс Ордеш.

Қорқынышты романдар жазатын автор Ом Бауман Ирландиядағы бір оңаша қонақүйге келіп түседі. Ойы – қайтыс болған ата-анасының күлін шашу. Бірақ бұл маңда мыстан кемпірдің елесі кезіп жүр деген сыбыстан ол мүлдем бейхабар еді. Қас қарая ол түрлі тылсым құбылыстармен бетпе-бет келеді. Сөйтіп, тып-тыныш көрінген бұл мекеннің қандай сұмдық құпияларды жасырып жатқаны біртіндеп ашыла бастайды.

«Хокум» фильмінен көрініс | IMDb
IMAGE «Хокум» фильмінен көрініс | IMDb

Мортал Комбат 2

  • Шығатын күні: 7 мамыр
  • Басты рөлдерде: Карл Урбан, Луди Линь, Джессика Макнэми, Джо Таслим, Хироюки Санада, Аделин Рудольф, Тати Габриэль, Джош Лоусон, Мартин Форд, Таданобу Асано.

Атақты видеоойын желісімен түсірілген бұл фильмнің жалғасы негізі 2025-жылдың қазанында жарық көруі керек еді. Алайда студия премьераны 2026-жылдың мамырына шегеріп тастапты. Бұл жолы оқиғаның қақ ортасына Карл Урбан сомдайтын киножұлдыз әрі жауынгер Джонни Кейдж шығады. Әрине, экраннан өзге де аты аңызға айналған файтерлерді көретініміз анық. Бір сөзбен айтқанда, фильмнің ауқымы бірінші бөліммен салыстырғанда әлдеқайда үлкейе түскен.

«Мортал Комбат 2» фильмінен көрініс | IMDb
IMAGE «Мортал Комбат 2» фильмінен көрініс | IMDb

Следствие ведут овечки

  • Шығатын күні: 7 мамыр
  • Басты рөлдерде: Эмма Томпсон, Хью Джекман, Реджина Холл, Джулия Луи-Дрейфус, Брайан Крэнстон, Николас Галицин, Молли Гордон, Патрик Стюарт, Белла Рэмзи, Мандип Диллон.

Қойшы Джордж Харди өз отарын жақсы көргені соншалық, күн сайын кешке оларға детектив кітаптар оқып беретін әдет шығарған. Кім ойлаған? Бұл жануарлар естіген оқиғаларының бәрін кәдімгідей түсініп, іштей қорытып жүріпті ғой. Тіпті қойлардың арасында «мына жағдайда қылмыскер кім болуы мүмкін?» деген тақырыпта қып-қызыл пікірталастар да жүріп жатады екен. Жануарлардың бұл ерекше қабілеті күтпеген жерден кәдеге жарай кетеді. Бір күні Джордждың өлі денесі табылады. Сол сәтте фермердің жүндес достары мұның кәдімгі кісі өлтіру екенін бірден ұғып, қылмысты өз беттерінше ашуға кірісіп кетеді.

«Следствие ведут овечки» фильмінен көрініс | IMDb
IMAGE «Следствие ведут овечки» фильмінен көрініс | IMDb

Мандалорлық пен Грогу

  • Шығатын күні: 20 мамыр
  • Басты рөлдерде: Сигурни Уивер, Педро Паскаль, Джереми Аллен Уайт, Стивен Блум, Хемки Мадера, Джонатан Койн.

«Жұлдызды соғыстар» ғаламы бойынша 2019-жылдан бері жарық көрген алғашқы толықметражды фильм. Ол көпшіліктің сүйіктісіне айналып үлгерген сериал кейіпкерлерінің хикаясын әрі қарай жалғастырады. Мандалорлық Дин Джарин мен оның Магистр Йода нәсілінен шыққан қалқанқұлақ өгей ұлы тағы да бәле-жаланың қақ ортасынан бір-ақ шықпақ.

«Мандалорец и Грогу» фильмінен көрініс | IMDb
IMAGE «Мандалорец и Грогу» фильмінен көрініс | IMDb

Бірақ трейлерлерге қарасақ, бұл туындыдан негізгі сагаға тән ауқымды, эпикалық көріністерді күтудің қажеті жоқ сияқты. Скайуокерлер тарихының 6-шы мен 7-ші эпизодтарының аралығында өрбитін бұл фильмнің бюджеті 160-миллион доллардан сәл ғана асады. Яғни, бұл Disney-дің сонау алыстағы ғалам туралы түсірген ең арзан жобасы болып тұр.

Пассажир

  • Шығатын күні: 22 мамыр
  • Басты рөлдерде: Джейкоб Скипио, Лу Льобель, Мелисса Лео, Бонни Дичоне, Тони Дупе.

Көлікпен ұзақ сапарға шыққан жас жұп көлікпен саяхатқа шығады. Бірнеше аптадан кейін олар жүргізушісі қаза тапқан сұмдық жол апатының үстінен түседі. Содан бастап олардың соңына белгісіз қара күш түсіп, аңди бастайды. Одан қашып құтылу мүлдем мүмкін емес. Қайда барса да, көлеңкедей ілесіп, соңдарынан қалмай қояды.

«Пассажир» фильмінен көрініс | IMDb
IMAGE «Пассажир» фильмінен көрініс | IMDb