Lifestyle|Entertainment

Майкл Джексон туралы байопик тарихи рекорд орнатты

АвторыTatler Kazakhstan
13.07.2026
Michael фильмінен көрініс, 2026 жыл | IMDb
IMAGE Michael фильмінен көрініс, 2026 жыл | IMDb
Michael картинасы кинематограф тарихында кассалық түсімі 1 миллиард доллардан асқан алғашқы байопик атанды

Режиссер Антуан Фукуаның поп-музыка короліне арнаған туындысы прокаттағы 12 аптаның ішінде осындай тарихи межеге жетті. IMDb порталының мәліметінше, 2026 жылдың 12 шілдесінде фильмнің әлемдік түсімі 1,001 миллиард долларды құраған. Оның 371,8 миллионы АҚШ пен Канаданың ішкі нарығына тиесілі болса, қалған 629,8 миллионы шетелден түскен.

Michael фильмінен көрініс, 2026 жыл | IMDb
IMAGE Michael фильмінен көрініс, 2026 жыл | IMDb

Осылайша, Michael фильмі бірден бірнеше маңызды рекордты жаңартты. Картина Фредди Меркьюри туралы 911 миллион доллар жинаған алдыңғы көшбасшы – «Богемская рапсодия» фильмін басып озып, ең табысты музыкалық байопик атанды. Оған қоса, туынды 975 миллион доллар жинаған «Оппенгеймер» тарихи драмасынан да асып түсіп, нақты тарихи тұлға туралы ең табысты фильм мәртебесіне ие болды.

Бұл туынды Lionsgate студиясының тарихында 1 миллиардтық межеден асқан тұңғыш жоба. Сонымен қатар, ол 865 миллион доллар жинаған «Голодные игры: И вспыхнет пламя» туындысын артта қалдырып, компанияның ең табысты релизіне айналды.

Michael фильмінен көрініс, 2026 жыл | IMDb
IMAGE Michael фильмінен көрініс, 2026 жыл | IMDb

Басты рөлді Майкл Джексонның жиені Джаафар Джексон сомдады. Жас актер бұл жоба арқылы кино әлеміне алғаш қадам басты. Картинада сондай-ақ Колман Доминго, Ниа Лонг және Майлз Теллер ойнайды. Фильм әншінің The Jackson 5 тобындағы балалық шағынан бастап, 1980 жылдардың соңында жеке орындаушы ретіндегі әлемдік жетістікке жеткен кезеңіне дейінгі өмірін баяндайды.

Бір қызығы, киносыншылар фильмді жылы қабылдамаса да, ол осындай зор табысқа жетті. Rotten Tomatoes платформасында туындының рейтингі небәрі 38%-ды құраса, көрермендердің бағасы әлдеқайда жоғары – 90% болды. Сюжетте әншіге тағылған айыптаулардың көрсетілмеуі үлкен дау тудырса да, көрермендердің ыстық ықыласы фильмді рекордтық табысқа жеткізді.

Michael фильмінен көрініс, 2026 жыл | IMDb
IMAGE Michael фильмінен көрініс, 2026 жыл | IMDb

2026 жылы Michael миллиард доллардан астам қаражат жинаған анимациялық Super Mario Galaxy: The Movie (1,008 млрд доллар) жобасынан кейінгі екінші фильм болды. Осындай зор табысты ескере отырып, Lionsgate студиясы поп-музыка королінің кейінгі өмір кезеңіне арналған тағы бір жалғасын түсіретінін мәлімдеп үлгерді.