Lifestyle|Entertainment

M’Dee өз тыңдармандарын жаңа әнімен қуантты

АвторыСергей Калугин
02.07.2026
M’Dee өз тыңдармандарын жаңа әнімен қуантты
Жаңа «Мир без тебя» трегі не туралы? Тарқатып айтайық

Қазақстандық R&B орындаушысы әрі саунд-продюсер M’Dee жанкүйерлерін жаңа туындысымен қуантты. Оның «Мир без тебя» деп аталатын бұл әнін өз шығармашылығындағы ең әсерлі трегі деуге толық негіз бар. Әртістің айтуынша, ол жаңа туындысын жары Гүлсезім Хасенге арнаған. Еске сала кетейік, Мадияр сүйіктісінің қолын 2026 жылдың ақпанында Парижде сұраған болатын.

Мадияр бұл әнінде өміріндегі жаңа белес, шынайы ризашылық, сенімді тірек және сүйіктісіне деген шексіз махаббаты туралы сыр шертеді: «Жаныңнан жайлы сая таптым, бейнебір алғаш рет ғашық болғандаймын».

Тағы бір ерекше атап өтерлік жайт, M’Dee жаңа синглдың мұқабасы мен сниппетін сүйіктісімен неке қию рәсімі үстінде түсіріп үлгерген.

Жақында M’Dee әндерін жанды дауыста тыңдай аласыздар. 4 шілде күні әнші OYU Fest сахнасында Yenlik, Ayau, Rusha, ALPHA тобы және басқа да өнерпаздармен бірге өнер көрсетеді. Первомай тоғандарында өтетін бұл фестиваль биыл алғаш рет екі күндік форматта ұйымдастырылып отыр. Ал 5 шілде күні сахна төріне Dequine, Orynkhan, dudeontheguitar, SAMRATTAMA және кештің басты хедлайнері ретінде Роза Рымбаева шығады.