Opening Medeu Padel Party
- Қашан: 15 маусым, 16:00
- Қайда: Medeu Padel Open Air Courts
15 маусымда Медеуде жаңа падел-жобаның ашылуына орай Opening Medeu Padel Party атты жабық кеш өтеді. Medeu Padel Open Air Courts дегеніміз Орталық Азиядағы ең биіктікте орналасқан ашық корттар алаңы. Бұл бірегей жоба 12 маусым мен 12 қазан аралығында, небәрі төрт ай ғана жұмыс істейтін болады. Ойыншылар таза ауада, табиғат аясында спортпен айналысып, таудың ғажайып панорамасын тамашалай алады. Ашылу салтанатының қонақтары жаңа алаңмен танысып, спорттық мереке атмосферасын сезінуге мүмкіндік алады. Ал корттардың ресми ашылуы 16 маусымда болмақ. Ойын уақытын padel.kz қосымшасы арқылы алдын ала брондауға болады.

«Медиум – Книга» көрмесі
- Қашан: 17 маусым – 30 тамыз
- Қайда: Aspan Gallery, Әл-Фараби даңғылы, 140а/3
- Құны: кіру тегін
- Галереяның жұмыс уақыты: сейсенбі – сенбі: 11:00–19:00, жексенбі: 12:00–18:00, дүйсенбі – демалыс
Aspan Gallery кеңістігінде өтетін «Медиум – Книга» көрмесі бұл танымал музей кураторы Ален Лидің жаңа зерттеу жобасының алғашқы бөлімі. Бұл жоба кітапты отандық визуалды мәдениеттің маңызды бөлшегі ретінде қарастырады. Экпозиция 1965-1991 жылдар аралығын қамтитын болады. Бұл кезең қазақстандық кітап графикасы, иллюстрация және дизайн өнерінің нағыз гүлденген шағы еді. Көрмеге кеңес дәуірінің соңғы кезеңіндегі шеберлердің еңбектері, сирек кітаптар мен мұрағат материалдары енген. Қатысушылар қатарында Мақұм Қисамединов, Борис Пак, Салихитдин Айтбаев, Евгений Сидоркин, Қадірбек Қаметов бар.
Көптеген туындылар көпшілік назарына алғаш рет ұсынылып отыр. Кеңістік көрме мен оқу залы форматында ұйымдастырылған: келушілер жәдігерлерді көріп қана қоймай, кітаптарды парақтап, ұмыт қалған басылымдармен таныса алады.
«Ревизор» спектаклі
- Қашан: 19 маусым, 19:00
- Қайда: Almaty Museum of Arts, Әл-Фараби даңғылы, 28
- Құны: 7 000 теңге
Республикалық неміс драма театры Николай Гогольдің атақты пьесасы желісімен сахналанған «Ревизор» спектаклімен Almaty Museum of Arts сахнасына қайта оралады. Биылғы қойылым классикалық комедияның әзілін сақтай отырып, танымал сюжетке мүлдем жаңа көзқарас ұсынады. Мұнда гогольдік сатира кафкалық абсурдпен ұштасса, күлкілі жағдайлар ішкі үрей мен шарасыздық сезімімен қатар өрілген. Спектакль мұражай кеңістігінде өтеді. Бұл классикалық шығарманы да, заманауи театрдың мүмкіндіктерін де жаңаша қырынан қабылдауға мүмкіндік береді.
«Каар Силлие» концерті
- Қашан: 19 маусым, 19:00–21:00
- Қайда: «Целинный» заманауи мәдениет орталығы, Масанчи көшесі, 59
- Құны: 5 000 теңгеден бастап
Дыбыс өнері триенналесінің сегізінші концерті екі түрлі музыкалық бағдарламаның басын қосады. Кеште қазақстандық скрипкашы Айша Оразбаева мен Саха Республикасынан келген хомусшы Алдана Дуораан өнер көрсетеді. Алматыда музыканттар отбасында өскен Айша академиялық техниканы авангардтық және эксперименталды музыканың еркін формаларымен үйлестіреді. Ал Алдана дәстүрлі ұлттық аспапты халықаралық эксперименталды сахнаға шығарып жүр. Қазір ол Прагада тұрып, Еуропаның түрлі алаңдарында өнер көрсетеді. Олардың ортақ бағдарламасы академиялық музыка мен солтүстік халықтарының дәстүрлі өнері арасындағы өзіндік бір сұхбатқа айналмақ.
«Эмиль – Большая Голова» спектаклі
- Қашан: 20–21 маусым, 16:00 және 19:00
- Қайда: «Трансформа» кеңістігі, Марков көшесі, 44
- Құны: 8 000 теңгеден бастап
«Эмиль – Большая Голова» – ересектер мен балаларға, ішкі дүниесінде еркіндік бар әрбір жанға арналған ертегі. Бір патшалықта үлкен басты, бірақ қиялы одан да зор Эмиль есімді балақай өмір сүреді. Ол сиқырлы заттар жасап, тышқандармен дос болады және бір күні өз әлемінен шығып, кең әлемге қадам басуды армандайды. Күндердің бір күнінде өзінің шынайы болмысын жасыруға мәжбүр болған ханшайымды кездестіргенде, бәрі өзгереді. Бұл – тағдырлы кездесу, өзіңді қабылдау және ешбір шектеуге бағынбайтын арман туралы хикая. Жанды ойын, әзіл мен жылы нәзіктікті біріктірген бұл спектакль ертегі форматын терең мағынамен ұштастырады. Қойылым 6 жастан асқан көрермендерге арналған.
