Lifestyle|Entertainment

Кеннеди әулетінің хикаясы: Netflix Майкл Фассбендер қатысатын жаңа сериалды жариялады

Автор Индира Тлегенова
21.10.2025
Кеннеди отбасы, 1930 ж | Getty Images
IMAGE Кеннеди отбасы, 1930 ж | Getty Images

Майкл Фассбендер Джо Кеннедидің рөлін сомдайды

Netflix Америка тарихындағы ең танымал әулеттердің бірі – Кеннеди отбасы туралы жаңа сериал түсіретінін жариялады. Басты рөлге танымал актер Майкл Фассбендер шақырылды. Ол әулеттің негізін қалаушы Джо Кеннедидің бейнесін сомдамақ. Сериал оқиғасы 1930 жылдарда өрбиді. Бұл – Джо Кеннедидің кәсіпкер әрі дипломат ретінде ықпалы артып, әйелі Роузбен және тоғыз баласымен бірге отбасының саяси имиджін қалыптастыра бастаған кезең. Сценарийге Пулитцер сыйлығының лауреаты, Гарвард профессоры Фредрик Логевальдің «JFK Coming of Age in the American Century 1917–1956» атты кітабы негіз болған.

Жобаның шоураннері болып «Мастера секса» және «Касл-Рок» сериалдарымен танымал Сэм Шоу тағайындалды. Ал алғашқы және соңғы эпизодтарды «Охота» және «Еще по одной» фильмдерінің режиссері Томас Винтерберг түсірмек. Қалған актерлік құрам әлі іріктелуде, ал сериалдың шығу күні әлі белгісіз.