Lifestyle|Entertainment

Канн кинофестивалі-2026: биылғы байқау несімен ерекше?

АвторыВиктория Лебедева
12.05.2026
Getty Images
IMAGE Getty Images
Бүгін Француз ривьерасында жылдың басты кино оқиғасы – 79-шы Канн кинофестивалі ресми түрде басталды. Бұл дәстүрлі шара Круазетт жағалауындағы Фестивальдер мен конгрестер сарайында өтіп жатыр. Биылғы байқау 12–23 мамыр аралығына жоспарланған

Канн-2026 байқауын қазірден бастап «үлкен авторлық кино» фестивалі деп бағалап жатыр. Ірі голливудтық студиялар өз блокбастерлерінің тұсаукесері үшін мұндай алаңдарды сирек таңдайтын болғандықтан, биылғы бағдарлама негізінен заманауи артхаус пен фестиваль кинематографының бағытын айқындап жүрген режиссерлерге арналған.

Қазылар алқасын тарихта тұңғыш рет корей режиссері басқаратын болды

Фестивальдің 79 жылдық тарихында қазылар алқасын басқару мәртебесі тұңғыш рет корей режиссеріне бұйырды – биыл бұл жауапты міндетті Oldboy мен Decision to Leave туындыларының авторы Пак Чхан-ук өз мойнына алды. Режиссер өзінің дәлдікке құрылған операторлық жұмысымен, ащы мысқылымен және шытырман оқиғалы сюжеттерімен кеңінен танымал.

Жеңімпаздарды анықтауға онымен бірге актриса Деми Мур, режиссер Хлоя Чжао, актер Стеллан Скарсгард, актриса Рут Негга және әлемдік киноның басқа да көрнекті өкілдері атсалысады. Ал ашылу және жабылу салтанатын жүргізу француз актрисасы Эй Айдараға табысталды.

Қазылар алқасының мүшесі, америкалық актриса әрі продюсер Деми Мур 79-шы жыл сайынғы Канн кинофестивалі қарсаңында басқа қазылармен бірге кешкі ас ішу үшін Martinez қонақүйіне келе жатыр. Канн, Франция, 11 мамыр, 2026 жыл | Фотограф: Мустафа Ялчин | Getty Images
IMAGE Қазылар алқасының мүшесі, америкалық актриса әрі продюсер Деми Мур 79-шы жыл сайынғы Канн кинофестивалі қарсаңында басқа қазылармен бірге кешкі ас ішу үшін Martinez қонақүйіне келе жатыр. Канн, Франция, 11 мамыр, 2026 жыл | Фотограф: Мустафа Ялчин | Getty Images
79-шы жыл сайынғы Канн кинофестивалі қарсаңында, 2026 жылдың 11 мамырында Martinez қонақүйіне Стеллан Скарсгард келді. Швед актеры байқау алдындағы дәстүрлі кешкі асқа қатысу үшін қазылар алқасының басқа мүшелеріне қосылды | Фотограф: Мустафа Ялчин | Getty Images
IMAGE 79-шы жыл сайынғы Канн кинофестивалі қарсаңында, 2026 жылдың 11 мамырында Martinez қонақүйіне Стеллан Скарсгард келді. Швед актеры байқау алдындағы дәстүрлі кешкі асқа қатысу үшін қазылар алқасының басқа мүшелеріне қосылды | Фотограф: Мустафа Ялчин | Getty Images

«Алтын пальма бұтағынан» кімдер үмітті?

Фестивальдің шымылдығын француз режиссері Пьер Сальвадоридің Electric Kiss фильмі ашады. Канн үшін бұл өте қалыпты таңдау – бүкіл фестивальге көтеріңкі көңіл күй сыйлайтын жеңіл әрі әсем француз киносы.

Француз режиссері Пьер Сальвадоридің Electric Kiss фильмінен көрініс
IMAGE Француз режиссері Пьер Сальвадоридің Electric Kiss фильмінен көрініс

Биыл «Алтын пальма бұтағы» үшін барлығы 22 туынды бақ сынасатын болады. Байқау бағдарламасында Педро Альмодовар, Асгар Фархади, Хирокадзу Корээда, Ласло Немеш, Рюсукэ Хамагути, Кристиан Мунджиу, Павел Павликовский, Николас Виндинг Рефн сияқты есімдері Канн фестивалімен біте қайнасып кеткен танымал режиссерлердің жаңа жұмыстары бар.

Негізгі байқаудан тыс бағдарлама

Әдеттегідей, Канн фестивалі тек негізгі байқаумен шектелмейді. «Ерекше көзқарас» секциясында жас режиссерлер мен дебютанттардың фильмдері көрсетілсе, ал Cannes Classics бағдарламасы аты аңызға айналған туындылардың жаңартылған нұсқаларын, сирек мұрағаттық таспаларды және кино жайлы деректі фильмдерді ұсынады. Көптеген көрермен үшін дәл осы секциялар – әлемдік кинематографтың болашақ жұлдыздарын бәрінен бұрын байқап қалуға таптырмас мүмкіндік.

Фестивальдің арнайы марапаттары да назардан тыс қалған жоқ. Биылғы құрметті «Алтын пальма бұтағы» Питер Джексон мен Барбра Стрейзандқа бұйырды. Ал Канн-2026 байқауының ресми постері Thelma & Louise фильміне арналып, онда Сьюзен Сарандон мен Джина Дэвис бейнеленген. Бұл туынды қазірдің өзінде ең әдемі фестиваль афишасы деп танылды.

Thelma & Louise фильмінен кадр | IMDb
IMAGE Thelma & Louise фильмінен кадр | IMDb

Әрине, Канн – бұл ең алдымен жұртты фильмдердің өзінен бетер қызықтыратын қызыл кілем. Алдағы күндері Француз ривьерасына өз фильмдерін таныстыру үшін Педро Паскаль, Эмма Стоун, Роберт Паттинсон, Дженнифер Лоуренс, Остин Батлер және басқа да жұлдыздар келеді. Фестивальдің алғашқы жарқын образдары кешкі ашылу салтанатынан кейін-ақ желіні жаулай бастайды.

Бір сөзбен айтқанда, алдағы бір жарым апта бойы Канн қаласы толассыз тұсаукесерлер мен қызу талқылаулардың ортасына айналып, жылдың басты фильмін анықтауға кіріседі.