Рэперді қазақи бимен және ұлттық тағамдармен қарсы алды
Әлемге әйгілі америкалық рэпер Канье Уэст (YE) Алматыға табан тіреді. Мегаполистің халықаралық әуежайында музыкантты қазақи қонақжайлылықпен, ерекше сән-салтанатпен қарсы алды.
Желіде салтанатты қарсы алу рәсімінің видеолары тарап үлгерді. Ztb_kz басылымы жариялаған кадрлардан өнер иесіне ұлттық би билеп, дәм ұсынып, жергілікті мәдениетпен таныстырып жатқанын көруге болады.
Еске сала кетейік, бүгін, 14 тамызда Алматыда Канье Уэсттің көптен күткен концерті өтеді. Осындай ауқымды шоуға байланысты қала билігі бірқатар көшелердің жабылатынын мәлімдеді. Оған қоса, қоғамдық көліктердің 32 бағыты бойынша қозғалыс сызбасы өзгертілді.
