Lifestyle|Entertainment

Канье Уэст Алматыда өнер көрсетеді

АвторыTatler Kazakhstan
17.07.2026
Канье Уэст | Muhammed Ali Yigit / Getty Images
IMAGE Канье Уэст | Muhammed Ali Yigit / Getty Images
Ye деген лақап атымен танымал америкалық рэпер Канье Уэст Қазақстанға алғаш рет ауқымды концертпен келмек. Көпшілік асыға күткен шоу 2026 жылы 14 тамызда Алматыдағы Орталық стадионда өтеді

Концертті First Media Group пен Freedom Holding серіктестігі ұйымдастырып отыр.

«Қазақстанда әлемдік деңгейдегі іс-шараларды ұйымдастыруда жинаған тәжірибеміз жетерлік. Сондықтан Канье Уэсттің концерті ең жоғары деңгейде өтетініне еш күмән жоқ. Freedom ұсынатын технологиялық мүмкіндіктер, атап айтсақ, SuperApp пен Ticketon арқылы верификациядан өту және сатып алынған билетті қайта сату функциясы бүкіл процесті барынша ашық әрі ыңғайлы етеді», – деп атап өтті Freedom Holding Corp. бас атқарушы директоры Тимур Турлов.

Алдағы шоу туралы кәсіпкер Бейбіт Әлібеков те өзінің Threads желісінде жазба қалдырды: «Орталық Азия тарихындағы ең ауқымды концерт алғаш рет Алматының Орталық стадионында өтеді. Даннаны (Данна Қарағұсова – Бейбіт Әлібековтің бұрынғы жұбайы және First Media Group негізін қалаушы – Tatler Kazakhstan) және тұтас First Media Group командасын мақтан тұтамын. Қала әкімдігіне, Тимур Турловқа және осы іске атсалысқан барша жанға алғыс айтамын».

Билеттердің шектеулі легі 2026 жылдың 20 және 21 шілдесінде тек Freedom SuperApp қосымшасында эксклюзивті түрде алдын ала сатылымға шығады. Ал 22 шілдеден бастап билеттерді Freedom SuperApp қосымшасынан да, Ticketon.kz сайтынан да кез келген адам сатып ала алады.

Айта кетейік, бұған дейін First Media Group Қазақстанға Дженнифер Лопес, Backstreet Boys, 50 Сent және Ne-Yo сияқты әлем жұлдыздарын әкелген болатын.