Lifestyle|Entertainment

Forbidden Playground отбасылық фестивалінен Korkut триенналесіне дейін: 28-31 мамыр аралығында Алматыда қайда баруға болады

АвторыTatler Kazakhstan
26.05.2026
Forbidden Playground отбасылық фестивалі | Баспасөз қызметінің мұрағатынан
IMAGE Forbidden Playground отбасылық фестивалі | Баспасөз қызметінің мұрағатынан
Алматыда open-air шаралар маусымы басталды. Қала афишасы ашық аспан астындағы концерттерге, таудағы фестивальдер мен отбасылық мерекелерге толып жатыр. Алдағы күндері көрерменді музыкалық-драмалық спектакль, интерактивті инсталляциялары бар отбасылық фестиваль, «Целинный» орталығындағы аудиовизуалды концерт және тау бөктеріндегі ауқымды электронды музыка кеші күтеді

«Взрослые дочери» спектаклі

  • Қашан: 28 және 29 мамыр, 20:00
  • Қайда: «Трансформа» мәдени кеңістігі, Марков көшесі, 44
  • Билет құны: 12 000 теңгеден бастап

Әкенің баланың есейген шағына тигізер әсері туралы сыр шертетін музыкалық-драмалық спектакль. Қойылымға нақты адамдардың монологтары арқау болған. Осы монологтар арқылы әкенің көпқырлы бейнесі ашылады. Спектакль барысында актрисалар музыкалық аспаптарда өздері ойнап, қойылымның дыбыстық әрлеуін жанды дауыста жасайды. 

Билеттер

Forbidden Playground отбасылық фестивалі

  • Қашан: 29 мамыр, 17:00-19:30, 30-31 мамыр, 11:00-18:00
  • Қайда: Almaty Museum of Arts (Әл-Фараби даңғылы, 28) және Бас Ботаникалық бақ (Тимирязев көшесі, 36)
  • Кіру: музейге немесе Ботаникалық баққа билеті барлар үшін тегін

Forbidden Playground – балалардың еркін ойнауына, шығармашылыққа және ата-аналарды қолдауға арналған отбасылық фестиваль. Бұл – қазақстандық суретші Мәдина Жолдыбектің британдық Leap Then Look дуэтімен бірлесіп жасаған халықаралық жобасы. Бағдарламада бүкіл отбасыға арналған алып интерактивті инсталляциялар, перформанстар мен воркшоптар бар.

II Korkut дыбыс өнері триенналесі. «Доэтбарам» концерті

  • Қашан: 29 мамыр
  • Қайда: «Целинный» заманауи мәдениет орталығы, Масанчи көшесі, 59
  • Билет құны: 5000 теңгеден бастап

«Мәңгілік жел рәсімдері» деп аталатын II Korkut дыбыс өнері триенналесі тікелей дыбысқа арналған. Жоба дыбыс арқылы әлемді қалай еститінімізді, оны қалай қабылдайтынымізді, есте сақтап, сезініп, тәжірибемізбен қалай бөлісетінімізді зерттейді. 29 мамыр күні осы триеннале аясында «Доэтбарам» концерті өтеді. Бұл – оңтүстіккореялық заманауи бейнесуретші Соджунг Джунның аудиовизуалды туындысы. Жоба посткеңестік елдерде тұратын этникалық корейлердің (корё-сарам) тарихына арналған.

Билеттер

Elevation фестивалі

  • Қашан: 30 мамыр, 14:00-22:00
  • Қайда: Mega Dacha
  • Билет құны: 13 000 теңгеден бастап

Elevation фестивалі – бұл ашық аспан астындағы музыка, күн батқан шақтағы би алаңы, дәмді тағамдар мен сусындар, демалыс аймақтары, балалы қонақтарға арналған ойындар және тау бөктеріндегі жайлы үйшіктерде түнеп шығу мүмкіндігі. Фестивальдің басты қонақтары (хедлайнерлері) – Мәскеуден шыққан, organic және downtempo бағытындағы ең танымал электронды диджей-дуэттердің бірі Geju, сондай-ақ Таяу Шығыстан келген Husa & Zeyada электронды дуэті. Сахна төрінде Daiynball, Akee, kreshmusiq және Gorilla Elevate Your Sound байқауының жартылай финалистері – Kamasutra, VeanarU мен Wspcoodie де өнер көрсетеді

Билеттер

Do be doo джаз-пикнигі

  • Қашан: 30 мамыр, 16:00
  • Қайда: Almaty Resort, Әлмерек көшесі, 1/1
  • Билет құны: 20 000 теңгеден бастап

Жанды музыка, гастрономия мен табиғат аясындағы демалысты бір арнаға тоғыстырған жазғы open-air шарасы. Музыкалық бағдарлама екі бағыттан тұрады: классикалық бөлімде пианист Нұргүл Нүсіпжанова өнер көрсетсе, джаз бөлімін Iréna Aravina & Jazz House ұжымы жалғастырады. Ал кештің басты хедлайнері ретінде әнші Муся Тотибадзе сахнаға шықпақ.

Билеттер