Самрат, көкейіңдегі мінсіз фестивальдік образыңды қалай сипаттар едің?
Бәрі фестивальдегі әуенге және ішіңде не ойнап тұрғанына тікелей байланысты. Кейде адамдардан жасырынып, оңашаланғың келеді. Ал кейде мерекелік күй ішіңде қайнап жатады. Сондықтан менің образым әрқашан ішкі күйімнен бастау алады.


Сен үшін не маңызды: ыңғайлылық па, әлде көз тартарлық образ ба?
Жылдар өте келе бір ақиқатқа көзім жетті: ең бастысы – сенің өзің. Геймерлердің тілімен айтсақ, сенің «скиннің» ең алдымен өзіңе жарасымды көрінуі керек, ал жұрттың не айтатыны – екінші кезектегі дүние.
Фестивальде күні бойы қалай жүруге болады?
Алматының ауа райы алдын ала жоспарлауды талап етеді. Ең дұрысы – көпқабатты киініп бару. Жаз, күз, тіпті қыс мезгілін де еске салатын «құрастырмалы» образ тиімдірек. Дегенмен, мұндай тәсіл бәріне жаға бермеуі мүмкін.

Адамдар стилінде қандай қателіктер жиі байқалады?
Көпшілік киімге қатысты таптаурын ойларға тым қатты беріледі. Өздерін шектеп, артынша басқалардың да солай шектелуін күтеді. Ер адамдардың «айқын» киінгісі келетінін жиі естимін, бірақ батылы жетпейді.
Сенің «fest kit»-іңде не бар?
Ең бастысы – жақсы достар мен біраз ақша. Өз басым фестивальде жүріп, кез келген затты лезде жоғалтып аламын. Фестивальдерде жоғалтқан заттарымның тізімін жасасам, қалың бір кітапша шығар еді.


Қасыңнан тастамайтын затың бар ма?
Құлаққап. Кейде фестивальде жүріп, мүлде басқа әуен тыңдағың келіп кетеді. Сол сәттегі музыка мен ортаның үйлеспеушілігі маған ерекше шабыт береді. Осы кездері ойыңа түрлі идеялар келіп қалуы мүмкін. Тағы бір серігім – көзілдірік. Астигматизмнің кесірінен софиттер мен сахна жарығы көзімді тез шаршатады.
Сәтсіз өткен фестиваль күнін жақсыға айналдырған оқиға бар ма?
Жастық шағымда Қостанайдан Алматыдағы фестивальдердің біріне жалғыз бардым. Жалғыздықтан өліп бара жатқанымда, кездейсоқта кластас баланы кездестіріп қалдым. Билеп кеттік, айналамызға адамдар жиналды. Кеш соңында бәріміз Иван Дорнның әніне шаңның ішінде жалаң аяқ секіріп жүрдік.

Фестивальге несіз келмейсің?
Фестивальге деген махаббатымсыз.
Фестивальдерді не үшін жақсы көресің?
Қаланың әр түкпірінен жиналған сұлу адамдар бір жерде бас қосып, шынайы қуанышқа бөленеді. Бұл рухани әрі өте керемет сезім.


