Lifestyle|Entertainment

Esentai Mall қысқы маусымды Шымбұлақтағы түнгі сырғанаумен ашты

Автор Tatler Kazakhstan
15.12.2025
Баспасөз қызметінің мұрағаты
IMAGE Баспасөз қызметінің мұрағаты
Қонақтар сиқырлы қысқы атмосфераға бөленіп, DJ-сет тыңдап, Dequine өнерін тамашалады және Ultima Яндекс Go ұсынған лаунж-аймақта демалды

Esentai Mall Shymbulak Mountain Resort курортында жабық Night Skiing шарасын ұйымдастырып, қысқы спорт маусымын ресми түрде ашты.

Кештің ресми серіктесі ретінде Ultima Яндекс Go қатысты. Бұл – премиалды сапарлар ұйымдастыратын және авторлық мейрамханалардан тағам жеткізетін арнайы қызмет. Сонымен қатар, 2025 жылы бұл қызметтер жүйесі Алматы мен Астананың үздік орындарына жол сілтейтін Ultima Guide технологиялық гидімен толықты.

Баспасөз қызметінің мұрағаты
IMAGE Баспасөз қызметінің мұрағаты

Кеш қонақтары тау шаңғысы курортының қысқы атмосферасында түнгі беткеймен сырғанап, ерекше әсер алды. Ал шаңғы тебуді жоспарламаған жандар Нұрберген Махамбетовтың DJ-сетімен билеп, таңғажайып қысқы фотоаймақтарда суретке түсті және жаңажылдық шарларды әрлеу шеберлік сағатына қатысты. Бұдан бөлек, алау жағылған жайлы лаунж-аймақта қонақтар ыстық какао, маршмеллоу және тәтті күлшелерден дәм татып, бой жылытты.

Баспасөз қызметінің мұрағаты
IMAGE Баспасөз қызметінің мұрағаты
Баспасөз қызметінің мұрағаты
IMAGE Баспасөз қызметінің мұрағаты
Баспасөз қызметінің мұрағаты
IMAGE Баспасөз қызметінің мұрағаты

Кеш соңында орталық сахнада Қазақстан сахнасының жарық жұлдызы және Tatler Kazakhstan журналының 2025 жылғы қазан айындағы мұқаба кейіпкері – Dequine өнер көрсетіп, өзінің басты хит әндерін орындады.

Баспасөз қызметінің мұрағаты
Баспасөз қызметінің мұрағаты
Баспасөз қызметінің мұрағаты
Баспасөз қызметінің мұрағаты
Баспасөз қызметінің мұрағаты
Баспасөз қызметінің мұрағаты
Баспасөз қызметінің мұрағаты
7 фотоның / 1 фотосы Баспасөз қызметінің мұрағаты