Lifestyle|Entertainment

Элорди де, Мескал да емес: жаңа Джеймс Бонд рөлін көпшілікке беймәлім британдық актер сомдауы мүмкін

АвторыTatler Kazakhstan
27.08.2026
Джек Бартон | Jeff Spicer / Getty Images
IMAGE Джек Бартон | Jeff Spicer / Getty Images
Бұл ешкімнің ойына кіріп-шықпаған есім

PageSix басылымының хабарлауынша, келесі Джеймс Бонд рөліне көпшілікке аса таныс емес британдық актер Джек Бартон таңдалуы мүмкін.

Бұған дейін 007 агентінің рөліне Джек Лауден («Дюнкерк»), Каллум Тернер («Вечность»), Джейкоб Элорди («Франкенштейн»), Пол Мескал («Гладиатор – 2») және Харрис Дикинсон («Треугольник печали») үміткер деген қауесеттер тараған еді. Алайда дереккөздер үміткерлер тізімін дәл осы Бартон бастап тұрғанын алға тартады.

Жалпы, Джек Бартон туралы ақпарат аз. Актер Оксфорд драма өнері мектебін бітірген. Ол бұған дейін Оскар сыйлығын алған «Бедные-несчастные» фильмінде эпизодтық рөл сомдап үлгерген.

007 агенті туралы кезекті жиырма алтыншы фильмді Amazon MGM студиясы шығаратын болды. Бұған дейін картина продюсері Эми Паскаль жаңа Джеймс Бондтың есімі жыл соңына дейін белгілі болатынын тұспалдаған еді.

Әзірге атауы жоқ бұл жобаның режиссерлік тізгінін «Дюна» фильмі арқылы танылған Дени Вильнев алмақ. Ал сценарийге «Острые козырьки» сериалының авторы Стивен Найт жауапты болады.