Аты аңызға айналған композитор бұл жұмысты сериалдың бұрынғы композиторы Labrinth-пен бірге атқарады
HBO-ның «Эйфория» сериалының үшінші маусымына қатысты жақсы жаңалық шықты. Оның саундтрегін жазуға «Оскар» сыйлығының иегері, атақты композитор Ханс Циммер шақырылды. Ол музыканы сериалдың алғашқы екі маусымының композиторы британдық музыкант Labrinth-пен бірге жазбақ. Сериал шоураннері Сэм Левинсонның айтуынша, бұл ынтымақтастық кездейсоқ емес – жаңа маусымның сценарийін жазу кезінде ол Циммердің «Interstellar» және «True Romance» фильмдерінен шабыт алған. Айтпақшы, сериалдың түсірілім жұмыстары басталып кеткен. Жаңа маусымның сюжеті бұрынғыдан өзгеше болмақ. Оқиғада уақыттық секіріс жасалып, кейіпкерлер мектепті бітіріп, ересек өмірге қадам басқан кездері көрсетіледі. Басты рөлдегі Зендея өз кейіпкері Руға қайта оралады. Сондай-ақ Джейкоб Элорди, Сидни Суини, Хантер Шафер де сериалға түсуін жалғастырады. Актерлік құрам Шэрон Стоун, Розалия, Маршон Линч сияқты жаңа есімдермен толығады. Тек Барби Феррейра ғана фильмнің жалғасында көрінбейді.
Продюсерлердің айтуынша, сегіз сериядан тұратын үшінші маусым сериалдың соңғы бөлімі болмақ. Сериалдың премьерасы осы жылға жоспарланған.
