Хлоя Чжаоның «Хамнет» фильмінде Уильям Шекспирдің жары Агнес рөлін сомдаған ирландиялық актриса Джесси Бакли «Үздік әйел адам рөлі» үшін берілетін «Оскарды» алды.
2022 жылы «The Lost Daughter» фильмі үшін алғаш рет номинация алып, бірақ жүлдесіз қалған Бакли биылғы бәйгенің даусыз фаворитіне айналды. Эмма Стоун («Бугония»), Ренате Реинсве («Sentimental Value»), Роуз Бирн («I’d Kick You If I Could») және Кейт Хадсон секілді актрисалардың өкшесін бастырмаған Джесси осы маусымдағы барлық негізгі марапаттарды жинап алды.
Биылғы маусымда «clean sweep» жасаған, яғни «Алтын глобустан» бастап «Оскарға» дейінгі барлық белесті бағындырған Баклидің жетістігі ерекше болды. Осы кеште басты рөл үшін бақ сынаған Тимоти Шаламе марапатсыз қалса, «Үздік ер адам рөлі» жүлдесі Майкл Б. Джорданға бұйырды.
