Lifestyle|Entertainment

Джеки Чанның жаңа фильмі Алматы облысында түсіріледі

АвторыTatler Kazakhstan
06.04.2026
Джеки Чан | Франсуа Дюран | Getty Images
IMAGE Джеки Чан | Франсуа Дюран | Getty Images
Туынды Қаскелеңдегі жаңа кинотүсірілім алаңында таспаланбақ

Джеки Чан басты рөлді сомдайтын әйгілі «Доспехи бога» франшизасының кезекті бөлімі Алматы облысында түсіріледі. Бұл картина Қаскелеңде бой көтеретін жаңа кинотүсірілім кешенінде жүзеге асырылатын алғашқы жобалардың бірі болмақ.

Мұндай жоспармен Salem Entertainment медиакомпаниясының өкілдері бөлісті. Болашақ кинопавильондардың құрылысы құрметіне орай қалада арнайы уақыт капсуласы салынды.

Жоба бойынша аумағы 2 мың және 1 мың шаршы метр болатын екі үлкен павильон тұрғызылады. Олар отандық туындылармен қатар, шетелдік фильмдерді түсіруге де лайықталған.