Lifestyle|Entertainment

Дыбыс көрмесінен бастап, моншадағы техно-кешке дейін: Алматыда 7-11 мамыр аралығында қайда баруға болады?

АвторыTatler Kazakhstan
06.05.2026
Баспасөз қызметінің мұрағатынан
IMAGE Баспасөз қызметінің мұрағатынан
Кәуаптың орнына театр, Arasan кешеніндегі ерекше кеш, мұражайдағы ашық шеберхана мен «Целинный» орталығындағы триеннале. Біз осы мамыр мерекелерінде орай басты мәдени іс-шаралар тізімін әзірлеп қойдық

II Korkut дыбыс өнері триенналесі

  • Қашан: 7 мамыр - 28 маусым
  • Қайда: «Целинный» заманауи мәдениет орталығы, Масанчи көшесі, 59
  • Құны: 5000 теңгеден басталады

Биылғы Korkut дыбыс өнері триенналесі «Мәңгілік жел рәсімдері» деп аталып, толығымен дыбыс табиғатына бағытталған. Жоба айналадағы дыбыстарды қалай қабылдап, олар арқылы әлемді қалай танитынымызды тереңінен зерттейді. Сегіз апта бойы мұнда түрлі дыбыстық инсталляциялар, перформанстар, концерттер, аудиосеруендер, воркшоптар, лекциялар мен пікірталастар өткізіледі. Бұл шара музыка мен ғылыми зерттеулердің тоғысында жұмыс істейтін өнер иелерін бір ортаға біріктіріп отыр. Билеттер

Билеттер

Мушкетерлер. Perdeler

  • Қашан: 7 мен 8 мамыр, 19:00
  • Қайда: «ARTиШОК» театры, Үлкен сахна, Гоголь көшесі, 40
  • Құны: 6480 теңгеден бастап

Мамыр мерекелерінде қала сыртындағы бірсарынды демалыстан шаршаған қауымды «ARTиШОК» театры 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнін мушкетерлермен бірге атап өтуге шақырып отыр. Светлана Петрийчуктің бұл қойылымы классикалық еркек бейнесін жаңаша бағамдап, қалыптасқан стереотиптерді бұза отырып, кейіпкерлердің терең психологиялық портретін шебер ашып көрсететінімен ерекшеленеді. Олар көрермен алдына еш жасандылықсыз, тура өмірдегідей қалыпта шықпақ: сымбатты, сезімтал, көңілді, кербез, батыл, тіпті болмысы жұмбақ. Біз оларды дәл осы қалпында жақсы көреміз!

Билеттер

Aşyq Şeberhana: Қағаз өру

  • Қашан: 9 мамыр, 13:00 - 16:00 аралығында кез келген уақытта
  • Қайда: Almaty Museum of Arts, Әл-Фараби даңғылы, 28
  • Құны: Мұражайға кіру билетімен

Кенеп тек сурет салатын мата емес, нағыз тоқыма өнерінің туындысына айнала ала ма? Суретші Алмагүл Меңлібаева аралас техникадағы батыл эксперименттері арқылы мұның әбден мүмкін екенін дәлелдеп шықты. Осыған орай, Almaty Museum of Arts қала тұрғындарын Меңлібаеваның жұмыстарынан шабыт ала отырып, өздерінің жеке қағаз кенептерін тоқып шығу үшін ашық шеберханаға шақырады. Бұл шара барлық жастағы адамдарға, әсіресе шығармашылық әлеміне алғаш қадам басқан жандарға таптырмас мүмкіндік.

Arasan кешеніндегі ZVUK кеші

  • Қашан: 10 мамыр, 16:00
  • Қайда: Arasan Wellness & SPA, Төлебаев көшесі, 78
  • Құны: 8000 теңгеден бастап

Отандық ZVUK жобасы өзінің он жылдық мерейтойын атап өтуді жалғастырып жатыр. Олар бұл жолы аты аңызға айналған «Арасан» монша кешенінде күндізгі техно-рейв ұйымдастыруды ұйғарыпты. Кештің басты жұлдызы ретінде Berghain резиденті, NAMAM Nights негізін қалаушы Sedef Adasi өнер көрсетеді.

Билеттер

Дыбыс көрмесінен бастап, моншадағы техно-кешке дейін: Алматыда 7-11 мамыр аралығында қайда баруға болады?