«Целинныйдағы» Динара Асанова фильмдерінің ретроспективасы
- Қашан: 9-12 шілде
- Қайда: «Целинный» заманауи мәдениет орталығы, Масанчи көшесі, 59
- Құны: 2500 тг
Кеңес кинематографиясының ең ықпалды режиссерлерінің бірі – Динара Асанованың қайталанбас мұрасымен қауышуға тамаша мүмкіндік. «Целинный» заманауи мәдениет орталығы көрермен назарына автордың өзіндік қолтаңбасын ашатын алты таңдаулы туындысын ұсынбақ. Фильм көрсетілімдерінен бөлек, режиссердің шығармашылығына арналған екі арнайы дәріс өтеді. Толық бағдарламамен танысып, билеттерді орталықтың ресми сайтынан алуға болады.
«Видеоарт атасы Билл Виола» дәрісі
- Қашан: 11 шілде, 16:00
- Қайда: Almaty Museum of Arts, әл-Фараби даңғылы, 28
- Құны: 4000 тг
Видеоарт тарихындағы ең басты тұлғалардың бірі Билл Виоланың шығармашылығына арналған бұл дәріс өнер сүйер қауымға ерекше шабыт сыйлайтыны анық. Оны неліктен бұл бағыттың «атасы» деп атайды? Ол қарапайым бейнетехнологияларды адам болмысын терең зерттейтін құралға қалай айналдыра білді? Осы және өзге де сұрақтардың жауабын Almaty Museum of Arts көрмелер үйлестірушісі әрі өнертанушы Даяна Вафина тарқатып айтып береді.

Көктөбедегі ZVUK сауық кеші
- Қашан: 11 шілде, 16:00
- Қайда: Көктөбе, Омарова көшесі, 41
- Құны: 11000 тг-ден бастап
- Жас шектеуі: 18+
Өзінің он жылдық мерейтойын тойлап жатқан ZVUK жобасы бұл жолы қаланың ең әдемі локациясы – Көктөбе шыңында үлкен сауық кешін ұйымдастырмақ. Музыкалық түннің басты жұлдызы ретінде аты аңызға айналған Nervous Horizon лейблінің негізін қалаушылардың бірі, жаңа британдық клуб музыкасының бағытын айқындап жүрген әртіс TSVI өнер көрсетеді. Сонымен қатар лайнапта Nazira, E.T., Mariya EI және kama s.utra бар.

Қабанбай батыр көшесі бойындағы танымдық серуен (арт-медиация)
- Қашан: 11 шілде, 17:00
- Қайда: Solid Coffee, «Алматы» қонақүйі (Қабанбай батыр көшесі, 85)
- Құны: 5000 тг
Алматының ең басты мәдени артерияларының бірі, халық арасында «Брод» (Бродвей) аталып кеткен Қабанбай батыр көшесінің тарихына бойлайтын ерекше интерактивті серуен. XX ғасырдың екінші жартысында қаланың мәдени өмірін қалыптастырған режиссерлер, суретшілер мен жазушылардың жолы дәл осы жерде қалай тоғысқанын білгіңіз келсе, осы медиацияға қосылыңыз. Бағыт «Алматы» қонақүйіндегі Solid Coffee кофейнясынан басталып, ауданның сәулеті мен тарихи өзгерістерін зерттеумен жалғасады да, «Целинный» орталығында мәресіне жетеді. Қатысу үшін алдын ала тіркелу қажет.

Viva Maestri ансамблінің концерті
- Қашан: 12 шілде, 17:00
- Қайда: Almaty Museum of Arts, әл-Фараби даңғылы, 28
- Құны: 7000 тг-ден бастап
Барокко дәуірі мен әлемдік классика жауһарлары қазақтың күй өнерімен ұштасса, қандай үндестік туар еді? Viva Maestri ансамблі дайындаған бұл концерттік бағдарлама түрлі мәдениеттер мен дәуірлер арасындағы нағыз музыкалық диалог болмақ. «Өнер үні» – бұл Almaty Museum of Arts пен Қазақстандағы ЮНЕСКО клубтарының ұлттық федерациясының еліміздің дарынды жас музыканттарын қолдауға бағытталған ортақ мәдени-ағартушылық жобасы. Мұражай кеңістігіндегі камералық концерт жан дүниеңізге ерекше эстетикалық ләззат сыйлары сөзсіз.
