Lifestyle|Entertainment

Дэвид Линчтің әлеміне саяхат: режиссердің жеке заттары аукционға шығарылды

Автор Алина Ким
02.06.2025
Дэвид Линчтің үйінде жатқан Sony камерасы | Julien*s
IMAGE Дэвид Линчтің үйінде жатқан Sony камерасы | Julien*s

Дизайнерлік жиһаз, кино түсіретін аппаратура, түпнұсқа сценарийлер және бұғылардың бастары: Дэвид Линчтің аукционға шығарылған ең қызық заттарын талдаймыз

Іс-шара 18 маусым күні Лос-Анджелестегі Julien*s аукцион үйінде өтпек. Марқұм кинематографистің жеке мұрағатынан алынған 441 лотпен Julien*s Auctions сайтында танысуға болады. Арасында сценарийлер, постерлер, кофе-машиналар, камералар және Линчтің үй студиясынан алынған электр гитаралары бар.

Twin Peaks жанкүйерлері қызыл перде мен Black Lodge стиліндегі ирек-ирек кілемге, сондай-ақ Blue Pine қабырғаларында ілулі болған бұғылардың бас тұлыптары мен Гордон Коулдың офисіндегі ядролық жарылыстың суреті салынған қара жиектеменің көшірмесіне құмар болатыны анық.

Онлайн аукционға әлемнің кез келген жерінен қатысуға мархабат – ақша болса болды. Мысалы, режиссердің аты жазылған кресло $27 мыңға өтейін деп тұр.

Twin Peaks: The Return — Гордон Коулдың офисіндегі ядролық жарылыстың суреті салынған қара жиектеме | Julien*s
Mulholland Drive сценарийі| Julien*s
La Marzocco GS/3 (A) үй кофе-машинасы | Julien*s
Parker Fly электр гитарасы | Julien*s
Бұғылардың бас тұлыптары | Julien*s
Директордың жеке креслосы | Julien*s
Twin Peaks стиліндегі қызыл перде мен ирек-ирек кілем | Julien*s
Төрт бейнекамера | Julien*s
8 фотоның / 1 фотосы Twin Peaks: The Return — Гордон Коулдың офисіндегі ядролық жарылыстың суреті салынған қара жиектеме | Julien*s