Lifestyle|Entertainment

Deep Purple Алматы сахнасында Қазақстан әнұранын шырқады

АвторыTatler Kazakhstan
23.04.2026
Instagram Deep Purple
IMAGE Instagram Deep Purple
Әнұранды топтың пернетақташысы Дон Эйри орындап шықты

Британдық аңыз Deep Purple рок-тобы 22 сәуір күні Almaty Arena кешенінде өнер көрсетті. Кештің басты тосынсыйы – топтың пернетақташысы Дон Эйридің Қазақстан әнұранын жеке орындауы болды.

Бұл ерекше сәттің видеосы әлеуметтік желілерде лезде тарап кетті. Көрермендер музыканттың бұл құрметін ерекше қошеметпен қарсы алды. Бұл ғана емес, сахна төрінен әйгілі «Көзімнің қарасы» әнінің үзіндісі шырқалып, жиналған қауымды керемет сезімге бөледі. Қазақстандық желі қолданушылары әлемдік топтың мұндай тосынсыйына жоғары баға беріп жатыр.

Жалпы, биылғы жыл алматылықтар үшін нағыз рок мерекесіне айналмақ. 28 маусымда «Спартак» стадионында Megadeth тобы өнер көрсетсе, тамыз айының соңында Park Live Almaty фестивалі аясында Gorillaz, The Offspring, Jack White пен The Kills дуэті сахнаға шығады.