Lifestyle|Entertainment

«Чайка» қойылымы, Алмагүл Меңлібаевамен жүздесу және өзге де шаралар: 23-26 сәуір аралығында Алматыда қайда баруға болады?

АвторыTatler Kazakhstan
22.04.2026
«Чайка» спектаклі | Баспасөз қызметінің мұрағатынан
IMAGE «Чайка» спектаклі | Баспасөз қызметінің мұрағатынан
Өнер туралы танымдық дәрістер, суретшілермен кездесулер, театр премьералары мен концерттер – алдағы күндері баруға тұрарлық шаралардың басын қостық

Алмагүл Меңлібаевамен кездесу

Қашан: 23 сәуір, 17:00

Қайда: Almaty Museum of Arts, Әл-Фараби даңғылы, 28

Құны: шара тегін, тек музейге кіру ақысын төлейсіз

Суретші Алмагүл Меңлібаева музей кеңістігінде авторлық кездесу өткізеді. Бағдарламада – автограф-сессия (каталогтарға, ашық хаттар мен постерлерге қолтаңба алуға болады), сондай-ақ экспозиция бойынша экскурсия қарастырылған. Қонақтар көрмені автордың өзімен бірге аралап жүріп, туындылар туралы толығырақ біле алады, көкейдегі сауалдарын қоюға да мүмкіндік бар. Жүздесу музейдің атриумында өтеді.

«Алисия Кваде: шынайылық, қабылдау, иллюзия» дәрісі

Қашан: 23 сәуір, 19:00

Қайда: Almaty Museum of Arts, Әл-Фараби даңғылы, 28

Құны: 4000 тг.

Бұл танымдық дәріс шынайылық пен қабылдаудың аражігін зерттеп жүрген неміс суретшісі Алисия Кваденің шығармашылығына арналады. Онда елес пен шындық, ойлау жүйесі және айналамыздағы әлемді қалай қабылдайтынымыз туралы әңгіме қозғалмақ. Спикер – музей директорының орынбасары, ғылым кандидаты Евгения Смелова. Дәріс орыс тілінде өтеді.

«Чайка» қойылымы, Алмагүл Меңлібаевамен жүздесу және өзге де шаралар: 23-26 сәуір аралығында Алматыда қайда баруға болады?

Билеттер

«Чайка»

Қашан: 24 и 25 сәуір, 19:00

Қайда: театр «ARTиШОК», ул. Гоголя, 40

Стоимость: от 8100 тг

Бүгінгі таңда Чеховты неге қайта-қайта сахналай береді және заманауи режиссерлер оның шығармаларынан қандай жаңа мағына тауып жүр? ARTиШОК театрының нұсқасындағы «Чайка» – дағдарыс, өзін-өзі іздеу, дәстүр мен эксперимент арасындағы қақтығыс туралы толғанысқа айналған. Спектакль талант, елге танылу және қоғамдық қысым үйреншікті құбылысқа айналған әлемдегі өмір туралы сұрақтарға жауап іздейді. Режиссері – Галина Пьянова.

Билеттер

«Взрослые дочери»

Қашан: 23–25 сәуір

Қайда: «Трансформа» мәдени кеңістігі, Марков көшесі, 44

Құны: 3240 тг-ден бастап

Қыздар мен әкелердің арасындағы күрделі байланыс туралы деректі пьеса. Нақты өмірлік тәжірибе мен автофикшнге негізделген он төрт хикая отбасылық қарым-қатынастың қаншалықты әртүрлі болатынын, оның ересек өмірге қалай әсер ететінін алдыңызға жайып салады. Қоюшы-режиссері – Ярослав Максименко.

Билеттер

«Близость / Тело» көрмесі

Қашан: 26 сәуірге дейін

Қайда: Esentai Gallery, Әл-Фараби даңғылы, 77/8

Құны: кіру тегін

Орталық Азиядан шыққан 12 суретші қыздың басын қосқан топтық көрме. Онда адам денесі – жадының, тәжірибе мен бірегейліктің кеңістігі ретінде қарастырылады. Экспозицияда кескіндеме, видео, перформанс пен инсталляциялар ұсынылған. Мұнда дене жай ғана нысан емес, жеке және мәдени тарихтың тасымалдаушысы ретінде көрсетіледі.

Kezeń тобының концерті

Қашан: 25 сәуір, 19:00

Қайда: Central Stand up Club, Қабанбай батыр көшесі, 71

Құны: 4050 тг-ден бастап

Атыраудан шығып, танымалдылығы күн санап артып келе жатқан жас Q-rock тобы Алматыда жанды дауыста концерт бермек. Бағдарламада – топтың авторлық тректері мен шақырылған артистер Unsiz бен menrasaitam-ның өнері бар.

Билеттер

Orynkhan-ның акустикалық концерті

Қашан: 25 сәуір

Қайда: Жамбыл атындағы филармонияның гастрольдік сахнасы, Қалдаяқов көшесі, 35

Құны: 8100 тг-ден бастап

Алматылық артист Orynkhan-ның шағын форматындағы концерті. Бағдарламада – авторлық әндер мен тыңдарманға таныс тректер акустикалық дыбыста орындалады. Жанды дауыс пен шағын сахна кештің жылы, еркін атмосферада өтуіне мүмкіндік беріп, орындаушы мен көрерменді жақындата түспек.

Билеттер