Lifestyle|Entertainment

Caroline’s 400: The St. Regis Astana қонақүйіндегі жазғы маусымның басталуы

Автор Анель Танкибаева
18.07.2025
Фотосуретші: Әкежан Салықов
IMAGE Фотосуретші: Әкежан Салықов

The St. Regis Astana қонақүйіндегі террасаның ашылуына орай өткен Caroline’s 400 шарасының қалай өткені жайлы баяндаймыз

The St. Regis Astana қонақүйінде террасадағы жазғы маусымның ашылуына орай жыл сайынғы Caroline’s 400 шарасы өтті. Оның атауы St. Regis қонақүйлер желісінің негізін қалаушының анасы, атақты ақсүйек ару Кэролайн Астордың тізіміне негізделген. Кезінде ол XX ғасырдың басындағы ең ықпалды 400 тұлғадан тұратын элиталық қоғамның тізімін жасаған еді. 2025 жылдың 11 шілдесінде қонақүйдің тұрақты меймандары, маңызды серіктестері және басқа да құрметті қонақтары брендтің тарихи мұрасына құрмет көрсету үшін жиналды.

Кеш әсерлі сабраж рәсімімен басталды – бұл кез келген шараны ашатын брендтің фирмалық рәсімі. Шампанның сызылдаған үні мен бокалдардың сыңғыры астында қонақтар бас аспаз Фабио Полидоридің аспаздық саяхатына енді. BMW-мен серіктестік аясында қонақтарға Астананың үздік миксологтары дайындаған фирмалық коктейльдер ұсынылды. Кеш бойы сахнада Alem лақап атымен танымал қазақстандық әнші Батырхан Мәліков өнер көрсетті. Шара соңында керемет отшашу болып, оның жарқын сәулелері Есіл өзенінің су бетіне шағылысты.

Фотосуретші: Әкежан Салықов
IMAGE Фотосуретші: Әкежан Салықов
Caroline’s 400: The St. Regis Astana қонақүйіндегі жазғы маусымның басталуы
Caroline’s 400: The St. Regis Astana қонақүйіндегі жазғы маусымның басталуы
Caroline’s 400: The St. Regis Astana қонақүйіндегі жазғы маусымның басталуы