Lifestyle|Entertainment

«Бриджертондар» телехикаясының 4-маусымын көрмес бұрын нені білу керек?

Автор Tatler Kazakhstan
29.01.2026
Бенедикт Бриджертон мен Софидің рөлдерін сомдаған Люк Томпсон мен Ерин Ха | Cyril Masson | Netflix
IMAGE Бенедикт Бриджертон мен Софидің рөлдерін сомдаған Люк Томпсон мен Ерин Ха | Cyril Masson | Netflix
2026 жылдың 29 қаңтарында Netflix платформасында «Бриджертондар» хикаясының төртінші маусымы жарық көрді. Жаңа бөлім әулеттің екінші ұлы, еркіндікті бәрінен биік қоятын Бенедиктке арналған. Оның махаббат хикаясы ақыры басты назарға шықты. Жаңа серияларды тамашаламас бұрын, өткен маусымдағы маңызды сәттерді еске түсіріп көрейік

Үшінші маусымды еске түсірейік

Үшінші маусым нағыз сезімдер мен күтпеген жаңалықтарға толы болды. Ең бастысы – бүкіл сюжетке негіз болған құпияның беті ашылды: леди Уислдаунның шын мәнінде кім екені белгілі болды. Енді елдегі ең басты өсекшінің есімі – Пенелопа Фезерингтон (Никола Коклан) екенін тек көрермендер ғана емес, королева Шарлотта мен бүкіл британдық жоғары қоғам біледі.

Бриджертон әулеті | Netflix
IMAGE Бриджертон әулеті | Netflix

Алайда жағымды жаңалықтар да бар: Пенелопа мен Колин Бриджертон (Люк Ньютон) бір-біріне деген сезімдерін мойындап, шаңырақ көтерді. Бриджертондардың кіші қыздарының бірі Франческа (Ханна Додд) да өз махаббатын тауып, Килмартин графы Джон Стерлингке (Виктор Элли) тұрмысқа шықты. Ал әулеттің үлкені Энтони Бриджертон (Джонатан Бейли) мен Кейт Шарма (Симона Эшли) ата-ана болуға дайындалып, Үндістанға сапар шекті. Олар негізгі оқиғадан тыс қалса да, жаңа маусымда экраннан көрініс табады.

Тағы бір маңызды сюжеттік желі – әулеттің тірегі Вайолет Бриджертонның (Рут Геммелл) тарихы. Жастай жесір қалып, өмірін тек балаларына арнаған ана лорд Маркус Андерсонға (Дэниел Фрэнсис) деген сезімін байқайды. Ол күйеуі қайтса да, өмірдің тоқтап қалмағанын, әлі де сүйіп, сүйікті болуға құқылы екенін түсінеді.

Төртінші маусым не туралы болмақ?

Бұл жолы бүкіл назар «Бриджертондардың» ішіндегі ең еркіндік сүйгіш кейіпкер – Бенедикт Бриджертонға аударылады. Әулеттің екінші ұлы – жаны нәзік, еркін суретші. Өткен маусымдарда ол махаббат пен қарым-қатынасқа өте жеңіл қарайтынын бірнеше рет байқатқан болатын. Алайда төртінші маусымда нағыз сезімін жолықтырған соң, оның бұл ұстанымы түбегейлі өзгеретін сияқты.

Бенедикт Бриджертон мен Софидің рөлдерін сомдаған Люк Томпсон мен Ерин Ха | Cyril Masson | Netflix
«Бриджертондар» телехикаясының төртінші маусымынан үзінді | Netflix
Маскарад кешіндегі Бенедикт пен Софи | Netflix
3 фотоның / 1 фотосы Бенедикт Бриджертон мен Софидің рөлдерін сомдаған Люк Томпсон мен Ерин Ха | Cyril Masson | Netflix

Оқиға қалай өрбиді? Сюжет негізінен «Күлше қыз» ертегісінің желісіне ұқсайды. Бенедикт маскарад кешінде жұмбақ аруды жолықтырып, оған ғашық болады. Оның есімі – Софи Бэк. Софи өзінің сұлулығымен Бенедикттің жүрегін бірден жаулап алады. Бірақ бәрі оңай бола қоймайды – ғашықтардың жолында үлкен әлеуметтік кедергілер бар. Маскарадқа сәнді киініп келгенімен, Софи шын мәнінде қарапайым қызметші. Кітап бойынша, ол графтың некесіз туған қызы және өзінің өгей шешесінің үйінде жұмыс істейді. Айта кетейік, сериалдағы маусымдардың реті Джулия Куиннің түпнұсқа кітаптарына сәйкес келмейді. Бенедикт туралы «Джентльменнің ұсынысы» атты кітап серия бойынша үшінші болып жарық көрген.

Басты рөлдерде кімдер?

Төртінші маусым Азия елдері, соның ішінде Орталық Азия үшін де ерекше маңызға ие. Себебі басты әйел рөлі алғаш рет азиялық тамыры бар актрисаға бұйырды. Софи Бэктің рөлін австралиялық актриса Ерин Ха сомдады (оның әжесі Оңтүстік Кореяның танымал актрисасы болған).

Софидің рөлін сомдаған Ерин Ха | Cyril Masson | Netflix
IMAGE Софидің рөлін сомдаған Ерин Ха | Cyril Masson | Netflix
Бенедикт Бриджертон рөлін сомдаған Люк Томпсон | Cyril Masson | Netflix
IMAGE Бенедикт Бриджертон рөлін сомдаған Люк Томпсон | Cyril Masson | Netflix
«Бриджертондарда» Розамунд, Араминта Ган және Пози Ли рөлдерін сомдаған Мишель Мао, Кэти Льюнг және Изабелла Вэй | Netflix
Вайолет Бриджертон рөліндегі Рут Геммелл және оның жүрек қалауы – лорд Маркус Андерсонды сомдаған Дэниел Фрэнсис | Netflix
Франческа Бриджертон рөліндегі Ханна Додд және оның сүйіктісі – Килмартин графы Джон Стерлингті сомдаған Виктор Элли | Netflix
Элоиза Бриджертон рөлін сомдаған Клаудия Джесси | Netflix
«Бриджертондарда» патшайым Шарлотта рөлін сомдаған Голда Рошевель және оның хатшысы Бримсли рөліндегі Хью Сакс | Netfli
5 фотоның / 1 фотосы «Бриджертондарда» Розамунд, Араминта Ган және Пози Ли рөлдерін сомдаған Мишель Мао, Кэти Льюнг және Изабелла Вэй | Netflix

Сонымен қатар, көрермендерді тағы бір тосынсый күтіп тұр. Маңызды рөлдердің бірін «Гарри Поттер» сериясы арқылы танымал Кэти Льюнг ойнайды. Ол Араминта Ган есімді жесір әйелдің бейнесін сомдайды. Оның қыздары Розамунд (Мишель Мао) мен Пози Ли (Изабелла Вэй) Бенедикттің назарын аудару үшін аянбай күреседі.

Сериялардың шығу кестесі

«Бриджертондардың» төртінші маусымы сегіз бөлімнен тұрады. Netflix платформасы оларды екі кезеңге бөліп шығарады: 1-бөлім 29 қаңтардан бастап қолжетімді («Вальс», «Тоқтап қалған уақыт», «Өзге жолдың бойындағы өріс», «Джентльменнің ұсынысы»). 2-бөлім 26 ақпанда жарық көреді: «Иә немесе жоқ», «Өтіп бара жатқан қыс», «Шексіздік» (За пределами), «Ауылдағы би».

«Бриджертондар» телехикаясының 4-маусымын көрмес бұрын нені білу керек?
«Бриджертондар» телехикаясының 4-маусымын көрмес бұрын нені білу керек?

Алда не күтіп тұр?

«Бриджертондар» хикаясы ресми түрде бесінші және алтыншы маусымдарға ұзартылды. Келесі бөлім, үлкен ықтималдықпен, Джулия Куиннің «Сэр Филлипке махаббатпен» атты бесінші кітабына негізделеді. Бұл хикаяда басты назар Элоиза Бриджертонға (Клаудия Джесси) аударылмақ. Дегенмен, келесі маусымның басты кейіпкері болуға тағы бір үміткер бар – ол Франческа Бриджертон. Үшінші маусымда ол тұрмысқа шығуға ұсыныс алғанымен, көрерменге оның нағыз махаббат хикаясы әлі алда екені аңғартылды. Алдағы маусымдар туралы толығырақ мына жерден оқи аласыздар.