BOOKFEST 2025 фестивалінің бағдарламасы әдебиет, психология, тарих және кәсіпкерлік сияқты кең ауқымды тақырыптарды қамтиды
Меломан/MARWIN дүкендер желісі жыл сайынғы BOOKFEST 2025 кітап фестивалінің өтетін күндерін жариялады. Компания 2020 жылдан бері өткізіп келе жатқан бұл оқу мерекесі қазан айы бойы Қазақстанның барлық Меломан/MARWIN дүкендерінде өтеді.
Биылғы BOOKFEST 2025 бағдарламасы нағыз зияткерлік мереке болмақ. Отандық және шетелдік жазушылармен жүздесуден бастап, табысты кәсіпкерлермен пікірталастарға дейін; өткір әзілге толы стендап-кештерден бастап, Алтын Орда тарихы туралы терең дәрістерге дейін – фестиваль әрбір оқырманға рухани азық сыйлайды. Сондай-ақ, бағдарламада сторителлинг, кітаптарды аннотациялау және мобилография бойынша шеберлік сабақтары, қолтаңба-сессиялар, танымал әдебиетке арнайы ұсыныстар, ұтыс ойындары мен сыйлықтар бар.


