Lifestyle|Entertainment

Black tie кешіне не киеміз? Tatler ұсынған толық нұсқаулық

Автор Лилия Шабутдинова
20.11.2025
Фотосуретші: Тони Ваккаро | Getty Images
IMAGE Фотосуретші: Тони Ваккаро | Getty Images
Сізді Black tie дресс-коды бар шараға шақырды делік, бірақ не киеріңізді білмей далсыз ба? Біздің нұсқаулық әйелдерге арналған ережелерді түсінуге көмектеседі. Көйлектің ұзындығы қандай болуы керек және ол міндетті түрде қара түсті болуы шарт па? Бірден жауабын айтайық: жоқ, олай емес

Black tie дресс-коды XIX ғасырдың соңында пайда болды. Ол кезде ерлерге фрак киюді міндеттейтін қатаң white tie стилі үстемдік құратын. Ал Black tie соған балама, яғни еркінірек нұсқа ретінде дүниеге келді. Аңызға сенсек, бірде 24 жастағы Уэльс ханзадасы Эдуард (Ұлыбританияның болашақ королі Эдуард VII) өзінің тым салтанатты киімінен әбден қажып, Savile Row көшесіндегі Henry Poole & Co. тігіншілеріне өтініш айтады. Ханзада ресмилігі аздау, бірақ ақсүйектер ортасына сай келетін ыңғайлы костюм тігіп беруді бұйырады. Патша әулетінің әмірін екі етпеген шеберлер жаңа үлгідегі киім тігіп шығарады – бұл бүгінгі біз білетін смокинг болатын. Эдуард оны алғаш рет 1865 жылы Сандрингем қала сыртындағы иелігінде өткен кешкі асқа киіп барған екен.

Негізінде, фракқа ыңғайлы балама ретінде қысқа пиджак сәл ертерек – 1850 жылдары пайда болған еді. Сән әлемінің заңын орнататын британдық тігіншілер оны ақсүйектер өміріндегі өзгерістерге жауап ретінде ойлап тапты. Себебі британдық элита белсенді өмір салтына көше бастағандықтан, ерлер гардеробын ыңғайлы киіммен толықтыру қажеттілігі туындады. Дегенмен смокингтер Голливудтың арқасында жаппай танымалдылыққа ие болды. Олар қызыл кілемге өте жарасымды көрінетін. Уақыт өте келе black tie ережелері тек ерлерге ғана емес, әйелдерге де ортақ тәртіп орнатты. Бүгінде бұл дресс-код салтанатты шараға қандай киім, әшекей, аксессуар және аяқ киім таңдау керектігін нақтылайды.

Көйлек таңдау

Ерлер үшін «black tie» қара түсті смокинг пен қара түсті көбелек-галстукты білдіреді – стильдің атауы да осы үйлесімнен шыққан. Ал әйелдер үшін кешкі көйлектің ең оңтайлы ұзындығы ретінде тобыққа дейінгі немесе еденге жететін нұсқалар саналады. Дегенмен, егер киім элегантты және ресми көрінсе, коктейльдік (яғни, ұзындығы тізеге дейінгі) нұсқаларға да тыйым жоқ. Мәселен, 1950 жылдардағыдай белі қыналған, етегі кең классикалық үлгіні таңдасаңыз, қателеспейсіз.

Тағы бір маңызды жайт: black tie стилі үшін көйлектер әрқашан жоғары сапалы маталардан тігілуі тиіс. Дресс-код деңгейі неғұрлым жоғары болса, мата соғұрлым қымбат болуы тиіс. Сондықтан жібек, шифон, барқыт, шілтер, тафта сияқты асыл маталарға басымдық берген абзал.

CHANEL ресми сайты
CHANEL ресми сайты
DIOR ресми сайты
DIOR ресми сайты
4 фотоның / 1 фотосы CHANEL ресми сайты

Міндетті түрде қара түсті көйлек кию керек пе?

Жоқ, әйелдерге қара түсті таңдау мүлде шарт емес. Көйлектің түсі кез келген болуы мүмкін: қанық реңктер, принттер және жылтыр маталар кешкі стильге сай келсе, әбден жарасады.

DIOR ресми сайты
IMAGE DIOR ресми сайты
DIOR ресми сайты
IMAGE DIOR ресми сайты

Оның үстіне, көйлек кию де міндетті емес. Оның орнына кешкі комбинезон немесе тіпті шалбарлы костюмді таңдасаңыз болады. Мәселен, Ив Сен-Лоранның Le Smoking костюмін киген аңызға айналған Катрин Деневті еске түсірейікші. Алайда мұндай киімге де көйлекке қойылатын ұзындық талабы жүреді, яғни тізенің жабық болуы шарт.

Катрин Денёв және Ив Сен-Лоран, 1966 жыл | VOGUE France ресми сайты
IMAGE Катрин Денёв және Ив Сен-Лоран, 1966 жыл | VOGUE France ресми сайты

Сөмке

Шағын кешкі клатч – классикалық таңдау болып есептеледі. Әсіресе атлас, барқыт немесе басқа да асыл материалдан жасалған бұйымдар көзге қонымды көрінеді. Сондай-ақ сәндік нұсқалар, мысалы, атлас немесе моншақтан тігілген дорба пішінді сөмкелер мен ұқыпты минодьерлер де жарасымды. Минодьер дегеніміз – ішіне ең қажетті заттар ғана сыятын қорапша-сөмке. Айтпақшы, оның атауы француздың minauder – «қылымсу» деген сөзінен шыққан.

CHANEL ресми сайты
IMAGE CHANEL ресми сайты
Schiaparelli ресми сайты
IMAGE Schiaparelli ресми сайты
The Row ресми сайты
IMAGE The Row ресми сайты
CHANEL ресми сайты
IMAGE CHANEL ресми сайты

Аяқ киім

Дәстүр бойынша жабық өкшелі туфли киген дұрыс саналады, бірақ қазіргі сән ашық босоножкаға да шектеу қоймайды. Мынадай жазылмаған ереже бар: аяқ киім мен сөмке көйлектің сәнін теңестіріп тұруы керек. Яғни, көйлек неғұрлым сәнді, жарқыраған болса, аксессуарлар соғұрлым ұстамды болғаны жөн. Ал егер көйлек қарапайым болса, керісінше, аяқ киімді ерекшелеуге болады.

Мүмкіндік болса, іс-шараның қайда өтетінін алдын ала біліп алған артық етпейді: жүретін жеріңіз қиыршық тас па, көгал ма әлде тайғақ паркет пе? Мұны ескерсеңіз, биік өкшеден бас тартуыңызға тура келуі мүмкін. Егер сонда да 12 сантиметрлік «лабутеніңізді» кигіңіз келсе, серігіңізден қауіпті жерлерден сүйемелдеп өтуін сұраңыз.

Maison Alaia ресми сайты
IMAGE Maison Alaia ресми сайты
YSL ресми сайты
IMAGE YSL ресми сайты
The Row ресми сайты
IMAGE The Row ресми сайты
Maison Alaia ресми сайты
IMAGE Maison Alaia ресми сайты

Образды немен толықтырамыз?

Black tie дресс-кодында аксессуарлардың кешкі стильге сай, элегантты көрінгені абзал. Бірақ бұл міндетті түрде гауһар тас немесе қымбат зергерлік бұйым болуы шарт деген сөз емес. Інжу және кристалдармен безендірілген әшекейлер де образды керемет толықтырады.

Tiffany & Co. ресми сайты
IMAGE Tiffany & Co. ресми сайты
Tiffany & Co. ресми сайты
IMAGE Tiffany & Co. ресми сайты

Шляпа киюдің қажеті жоқ, ол көбіне күндізгі салтанаттарға тән. Тиара тағу да шарт емес: оны тек жағдайға және қалауыңызға қарай, әдетте аса салтанатты оқиғаларға тағады.

Ал қолғап – black tie стилінің міндетті шарты емес (white tie-дағыдай қатаң талап емес). Егер ол киіміңізбен үйлесіп, сізге сән беріп тұрса (мәселен, ұзын әрі жеңсіз көйлек таңдаған жағдайда), қолғапты қорықпай кие беруге болады.

Letters and stones ресми сайты
IMAGE Letters and stones ресми сайты
Letters and stones ресми сайты
IMAGE Letters and stones ресми сайты
Tiffany & Co. ресми сайты
IMAGE Tiffany & Co. ресми сайты
Tiffany & Co. ресми сайты
IMAGE Tiffany & Co. ресми сайты

Шаш үлгісі мен макияж

Шашты күрделі етіп сәндеу мүлде шарт емес: жинақы, ұқыпты нұсқалар, жеңіл толқындар немесе классикалық түйін жарай береді. Макияжда акцентті не көзге, не ерінге жасаған жөн. Тағы бір маңызды жайт: парфюм де аксессуар болып саналады, сондықтан оны шамадан тыс қолданбай, мөлшерін білген дұрыс.

2025 жылы black tie дресс-кодына қойылатын басты екі талап бар: «сәнді» және «элегантты». Қалған жағынан қонақтарға толық еркіндік беріледі: түстер, принттер, ерекше пішіндер – егер образыңыз кешкі және талғампаз болып қалса, бәріне рұқсат. Этикет бойынша сарапшы Татьяна Полякова: «Орындылық дегеніміз – барған жеріңе сай, ақылға салып киіне білу», – деп жиі айтады. Яғни, қайда бара жатқаныңызды және қандай әсер қалдырғыңыз келетінін білу маңызды.

Тіпті дресс-кодты мұқият сақтасаңыз да, дабл-дрессинг (бірдей киініп қалу) жағдайы кез келгеннің басынан өтуі мүмкін. Мұндай сәттер болып тұрады. «Секс в большом городе 2» фильміндегі Саманта Джонс пен Майли Сайрустың қызыл кілемде бірдей күміс түсті мини-көйлекпен ұшырасып қалған әйгілі сахнасы есіңізде ме? Мұндай сәтте жай ғана жымиып, өзіңіздің «егізіңізге» комплимент айтқан дұрыс. Тіпті Instagram үшін бірге суретке түсуге де болады. Түптеп келгенде, ең маңыздысы – киім емес, кешті қандай көңіл-күймен өткізгеніңіз. Қонақтардың жадында және зайырлы хроника беттерінде қалатын да – сол көңіл-күй.

Giorgio Armani ресми сайты
IMAGE Giorgio Armani ресми сайты
Giorgio Armani ресми сайты
IMAGE Giorgio Armani ресми сайты