Lifestyle|Entertainment

Билли Айлиш үлкен экранға қадам баспақ

АвторыTatler Kazakhstan
12.03.2026
Билли Айлиш | Фотосуретші: Эми Суссман | Getty Images
IMAGE Билли Айлиш | Фотосуретші: Эми Суссман | Getty Images
Билли Айлиш Сильвия Платтың атақты «Под стеклянным колпаком» туындысы желісімен түсірілетін жаңа киножобаға қатысу үшін келіссөздер жүргізуде

Deadline басылымының таратқан мәліметіне сүйенсек, туындының режиссерлік тізгінін «Женщины говорят» фильмі үшін «Оскар» сыйлығын иеленген Сара Полли өз қолына алмақ.

1963 жылы жарық көрген бұл шығарма – автордың өз өмірінен сыр шертетін, тағдыры мен ішкі арпалысын баяндайтын жартылай автобиографиялық туындысы. Нью-Йоркке тағылымдамаға аттанып, сол жерде ішкі күйзеліс пен жан дүниесінің дертіне тап болған Эстер Гринвудтың хикаясы – өткен ғасырдағы психологиялық ахуалды терең зерттеген ең маңызды еңбектердің бірі ретінде бағаланады.

Бұл туындыны экран бетіне шығару әрекеттері бірнеше онжылдыққа созылғанын айта кеткен жөн. Мэрилин Хассетт басты рөлді сомдаған алғашқы нұсқасы 1979 жылы жарық көрсе, кейіннен бұл жобаны Джулия Стайлз бен Кирстен Данст та жүзеге асыруға тырысқан еді. Алайда, түрлі себептермен бұл бастамалардың ешбірі түсірілім алаңына дейін жетпеді.

Айлиш үшін бұл рөл үлкен кино әлеміндегі нағыз дебют болмақ. Ол бұған дейін экранда тек «Рой» (Swarm) сериалындағы қысқа эпизодта ғана бой көрсеткен болатын. Десе де, әншіні кино индустриясына жат деуге келмейді: оның қоржынында үздік саундтректері үшін берілген екі бірдей «Оскар» мүсіншесі бар. Сондай-ақ, Джеймс Кэмеронмен бірлесіп түсірілген HIT ME HARD AND SOFT: THE TOUR концерттік фильмі де көрерменге жол тартуға дайын.