Lifestyle|Entertainment

Балалық шаққа саяхат: Pop Mart телепузиктерді қайтарды

Автор Индира Тлегенова
19.09.2025
Instagram @popmart
IMAGE Instagram @popmart

Pop Mart-тан тағы да бір сүйкімді жаңалық

Кезінде Labubu ойыншығымен шулатқан Pop Mart компаниясы бұл жолы ностальгияға бой ұрып, балалық шақтың қуанышын – жұмсақ телепузиктер бейнесінде қайтаруды шешті. Say Hello сериясындағы Teletubbies брелоктары – өзіңмен бірге алып жүруге болатын шағын тұмар-мүсіншелер. Бұл брелоктардан көңілді Тинки-Винкиді үшбұрышты антеннасынан, шуақты Ля-Ляны добынан, қамқор Дипсиді биік таяқшасынан және ерке Поны дөңгелек антеннасынан бірден тануға болады.

Релиз 19 қыркүйекке жоспарланған. Жанкүйерлерге сатылымның нақты басталу уақытын білу үшін өз елдеріндегі Pop Mart-тың жергілікті аккаунттарын бақылау ұсынылады.