Жаңа LALAGÜL альбомында A.Boo және ZAQ-пен бірге орындаған екі керемет трек бар. Жігіттермен бірлескен жұмыс қалай өтті? Қандай әсерде қалдыңыз?
Екі әртіспен де жұмыс істеу өте жеңіл әрі жайлы болды. Абумен тағы да жұмыс істегім келетінін tartady әнін жазған кезде-ақ түсінген болатынмын. Ол да қарсы болмай, бірден қолдады. Менің ойымша, Абудың дауысы кез келген әнді сәнді етіп, одан сайын тәтті ете түседі.
SAĞYNU әнін 2025 жылы жазған болатынмын. Содан бері ол ән демо күйінде тұрды. Біраз уақыт өткен соң оны Абуға ұсынып көрдік, ол да бірден келісті. SAĞYNU – жүрегіме жақын әрі өміріммен тығыз байланысты ән. Абудың партын жазған кезде, шынайы өмірде жігіт өзінің қателігін мойындамағандықтан, тым болмаса әнде өзінің қатесін түсініп, кешірім сұрағандай етіп жазғымыз келді.
Ал ZAQ-пен фитке келетін болсақ, ол Ninety One тобының кезінен-ақ менің биасым болатын. Маған оның мәтін жазу стилі мен ерекше ойлау қабілеті қатты ұнайтын. ÄDEMI әнін жазған кезде оған Эминемнің вайбын беретін рэпер керек екенін түсіндік. Сөйтіп продюсерім M'Dee екеуміз ойлана келе ZAQ-қа жаздық. Ол әннің ұнағанын айтты, бірақ біраз уақыт сол әнмен «өмір сүргісі» келетінін жеткізді. Уақыт өте келе өзінің партын жіберді, содан кейін процесс әрі қарай өте оңай әрі тез жүрді.
Екінші толық форматты альбомыңыз өте жарқын әрі біртұтас шығыпты. Алғашқы жинаққа мүлдем ұқсамайды: әлдеқайда ересек, би ырғағы басым, тыңдаған сайын жаңа қырынан ашылады. Алдағы уақытта да осы R&B бағытын жалғастыру ойыңыз жоқ па?
R&B – менің ең сүйікті жанрым. Сол жанрда өзімді судағы балықтай еркін сезінемін. Дегенмен, басқа жанрларды да байқап көргім келеді. Әртіс ретінде өсіп, өзімді әр қырымнан сынап көргім келеді. Болашақта бәрін көре жатармыз.
Жаңа альбомдағы мәтіндердің ішінен қай жолдар өзіңізге ерекше ұнайды? Денеге тату етіп жаздыруға қайсысы жарасар еді?
SEN EMES әнінен: «Жүріс-тұрыс, киім үлгім жүйкеңе тиетін. Үндемедім, көнем дедім, қолымнан келмеді».
LALAGÜL альбомының негізгі концепциясы гүлдермен тікелей байланысты. Ал өзіңізді қандай гүлге теңер едіңіз?
Лалагүл.

Осы жаздың басты әні?
SÜI.
Қай әртіспен дуэт жазуды армандайсыз?
Billie Eilish.
Жаңа клиптердегі мен промо-роликтердегі образдарыңызға тоқталып өтсеңіз. Осы baggy және хип-хоп эстетикасы сізге қаншалықты жақын? Солардың ішінде өзіңізге ең қатты ұнаған киім үлгісі қайсысы?
Маған 90-шы жылдар мен 2000-шы жылдардың басындағы стиль әрқашан ұнайтын. Кең киімдер, деним, көпқабатты образдар, ірі аксессуарлар – осындай образдарда өзімді өте еркін сезінемін. Әрине, бұл мен жақсы көретін жалғыз стиль емес, бірақ дәл қазір ол альбомның көңіл күйіне өте сай келеді.
Маған бір-біріне қарама-қайшы дүниелерді үйлестіру ұнайды. Мысалы, көлемді, кең киімдерді нәзік әрі әйелге тән элементтермен біріктіру. Сондықтан образдарымда baggy-силуэттер жиі кездеседі, бірақ сонымен қатар әшекейлер мен нәзік бөлшектер де болады.
Ал ең сүйікті образым – SAĞYNU сниппетіндегі образ. Baggy-стиль маған өте жақын болғанымен, дәл осы образ менің басқа қырымды көрсетті. Ол нәзік, сабырлы, биязы әрі әйелдік образ болды. Менің ойымша, ол әннің көңіл күйін өте жақсы жеткізді.

Болмысыңызды өзіңізден де дәл суреттейтін, ішкі жан дүниеңізді ашып көрсететін үш әнді атасаңыз.
Өзіңізге қатты ұнайтын үш «hear me out» кейіпкерді атасаңыз.
Джек Воробей. Жалпы, Джонни Депп сомдаған кейіпкерлердің көбі. Сондай-ақ Генри Крил («Очень странные дела») мен Цветан («Тролли мультфильміндегі») де ұнайды.
