Lifestyle|Entertainment

Арада 20 жыл өтті: Бейонсе өзінің B’Day альбомын қайта шығарды

АвторыВиолетта Тельманова
04.09.2026
Бейонсе | Cindy Ord / MG26 / Getty Images
IMAGE Бейонсе | Cindy Ord / MG26 / Getty Images
Иә, Deja Vu мен Beautiful Liar әндерінің шыққанына қазірдің өзінде 20 жыл толыпты

B’Day 20th Anniversary Deluxe Edition мерейтойлық шығарылымына сирек кездесетін бонус-тректер мен бұрын жарияланбаған материалдар енді. Әрине, бәріміз сүйіп тыңдайтын түпнұсқа альбомдағы әндер де бар. Олар ремастерингтен өткен. Өйткені осы уақыт ішінде музыкалық продакшн технологиялары айтарлықтай алға озып кетті.

Бұрын жарық көрмеген әндердің қатарында Фаррелл Уильямспен бірге орындаған Can I Watch You бар. Оған қоса Малумамен бірлескен Cuerpo Tumbao (Get Me Bodied) және марқұм латын америкалық әнші Селена Кинтанильяның дауысы қосылған Irreplaceable әнінің испан тіліндегі нұсқасы қосылды. Бейонсе Селенаны өзіне шабыт берген әртістердің бірі деп санайтынын айтқан еді. Бұл шабыт оның 2007 жылы шыққан испан тіліндегі Irreemplazable альбомына негіз болды.

Түпнұсқа B’Day дәл 20 жыл бұрын, 2006 жылдың 4 қыркүйегінде шыққан. Сол кезде ол Billboard 200 чартында бірден бірінші орыннан көрінді. Кейіннен RIAA нұсқасы бойынша бес мәрте платина сертификатына ие болды. Бейонсе альбомды ауқымды, ырғақты әрі энергияға толы етіп жасағысы келгенін бөлісті. Сонымен қатар R&B негізіндегі әуендер мен гармонияны сақтап қалуға тырысқан.

B’Day дәуіріндегі бейнебаяндар да жаңартылды. 35 миллиметрлік таспаға түсірілген түпнұсқа материалдар қайта қалпына келтірілді. Олардың бояуы қанық болып, 4K форматына көшірілді.