Үш маусым бойы көрермен көзайымына айналған сатиралық
«Ақ лотос» жобасы локация ауыстыру дәстүрін жалғастыруда: Гавайи аралдары, Сицилиядағы Таормина мен Тайландтан кейін оқиға желісі Көгілдір жағалауға (Лазурный берег) ауысады. HBO компаниясы бұл жаңалықты растап, түсірілім жұмыстарының басталғанын ресми түрде жариялады.
Ресми аңдатпаға сүйенсек, жаңа маусым Канн кинофестивалі тұсында White Lotus қонақүйінде бір апта бойы демалатын қонақтар мен қызметкерлер тобының оқиғасын баяндайды. Түсірілім үшін таңдалған локациялар қатарында - Airelles Château de la Messardière (сериалда - White Lotus du Cap) және Hôtel Martinez (White Lotus Cannes) қонақүйлері бар.
Канн қаласынан бөлек, түсірілім жұмыстары Сен-Тропе, Монако және Парижде өтеді, алайда негізгі оқиға желісі Канн төңірегінде өрбиді.
Түсірілім процесінің бір бөлігі биыл 12-23 мамыр аралығында өтетін Канн кинофестивалімен тұспа-тұс келеді. Variety басылымының жазуынша, актерлер фестивальдің екінші аптасында шарада үш-төрт күн болып, кем дегенде бір рет қызыл кілеммен жүріп өтеді деп күтілуде.
Сондай-ақ жаңа маусымның толық актерлік құрамы жарияланды. Олардың қатарына Хелена Бонем Картер, Венсан Кассель, Стив Куган, Калеб Джонте Эдвардс, Дилан Эннис, Корантен Фила, Эри Грейнор, Марисса Лонг, Александр Людвиг, Крис Мессина, ЭйДжей Мичалка, Кумэйл Нанджиани және Надя Терешкевич енді.
