The Queen’s Gambit сериалы мен «Фуриоса» блокбастерінің жұлдызы «Сақиналар әміршісі: Голлумды іздеу» (The Lord of the Rings: The Hunt for Gollum) фильміне түсу үшін келіссөздер жүргізіп жатыр. Бұл туралы голливудтық танымал инсайдер Дэниэл Рихтман Х әлеуметтік желісінде хабарлады.
Актрисаның нақты рөлі белгісіз болса да, жанкүйерлер оны түпнұсқада Лив Тайлер сомдаған Арвеннің бейнесінде көріп жүр. Сонымен қатар, дереккөздер жас Арагорнның рөлін «Ақ лотос» және «Bridget Jones: Mad About the Boy» жобалары арқылы танылған Лео Вудалл ойнайтынын растады.
Фильмдегі оқиға «Сақина бауырластығы» басталғанға дейінгі жиырма жылдықты қамтиды: Арагорн Гэндальфтан Голлумның ізіне түсіп, оның көзін жою туралы тапсырма алады.
Жаңа есімдермен қатар, жобаға франшизаның ардагерлері де ат салысады: Элайджа Вуд (Фродо), Иэн Маккеллен (Гэндальф) және Голлум рөліне қайта оралып қана қоймай, фильмнің режиссері де болатын Энди Серкис. Туындының премьерасы 2027 жылға жоспарланған.
