Lifestyle|Entertainment

Әнші Ayau жаңа альбомын жариялады

АвторыTatler Kazakhstan
06.04.2026
Ayau | Фотосуретші: Аружан Жанова
IMAGE Ayau | Фотосуретші: Аружан Жанова
Бұл жаңалықты әнші «Қайрат» пен «Астана» командалары арасындағы матчта өнер көрсеткеннен кейін сүйіншіледі

Қазақстандық танымал орындаушы Ayau «LALAGÜL» деп аталатын екінші студиялық альбомының жарыққа шығатынын мәлімдеп, болашақ пластинканың концепциясымен бөлісті.

«LALAGÜL – бұл дер кезінде айтылмай, іште кеткен сөздер туралы альбом. Мұнда махаббаттың тек әдемі сәттері ғана емес, оның көлеңкелі тұстары да – қызғаныш, сенімсіздік пен тәуелділік те қамтылған. Егер алғашқы альбомым сыртқы әлеммен диалог болса, «LALAGÜL» – өзіммен сырласуым».

Пластинканың атауы лилия гүліне («лалагүл») сілтеме жасайды. Ayau-дың айтуынша, бұл бейне альбомның негізгі мәнін – нәзіктік пен морттықпен қатар келетін ішкі қуатты дәл береді.

Әзірге «LALAGÜL»-дің трек-лисі құпия сақталуда. Десе де, желі қолданушылары мен әншінің жанкүйерлері ALPHA тобының мүшесі A.boo-мен бірлескен трек шығуы мүмкін деп болжап отыр.