Аталмыш хикая Calvin Klein пиар-менеджері Кэролин Бессетт пен кіші Джон Ф. Кеннедидің арасындағы қарым-қатынасты баяндайды. Соңғысы – 1990-шы жылдардағы АҚШ үшін аңызға айналған тұлға. Үш жасында әкесінен, яғни АҚШ-тың 35-ші президентінен айырылып, бүкіл ұлттың көз алдында ер жеткен ол «Американың ұлы» деген атқа ие болған еді. Әкесі мен анасының ең келісті келбетін мұра еткен Джон-мұрагер 30 жасқа таман елдегі ең сымбатты әрі ең таңдаулы күйеу жігіттердің біріне айналды. Тіпті People журналы оны «ғаламшардағы ең сексуалды ер адам» деп те атаған болатын. Бұл – нағыз американдық ханзада еді.
Қызығы сол, бұл «ханзаданы» сомдайтын актердің ұқсас келбетінен бөлек, кіші Кеннедимен ортақ ештеңесі жоқ. Ол не бай отбасымен, не бұрынғы жетістіктерімен, тіпті американдық тегімен де мақтана алмайды. Пол Энтони Келли – Онтарионың кішкентай қалашығында қарапайым отбасында өскен канадалық азамат. Миллиондаған көрерменге танымал болмас бұрын, ол жылдар бойы кастингтердің табалдырығын тоздырып, тек сән скауттары мен кастинг-директорларға ғана белгілі болып келді. Сонымен, Instagram-дағы ұсыныстар бөлімін жаулап алған Пол Энтони Келли туралы тағы не білеміз?

Модельдік мансабы
Полдың өмірі оның экрандағы кейіпкеріне мүлдем ұқсамайды. 1988 жылы Онтариодағы Порт-Макниколл қалашығында дүниеге келген актер өзі туралы: «Мен беймәлім бір түкпірден шықтым», – деп әзілдейді. Жиырма жасында Торонтоға қоныс аударып, онда модельдік агенттіктің назарына ілігеді. Қызықты деталь: оның портфолиосында «американдық президенттердің сүйікті бренді» саналатын және кезінде кіші Кеннедидің өзі киген Brooks Brothers маркасына арналған түсірілім бар. Осылайша, оның «американдық ханзадаға» ұқсастығын алғаш болып дәл осы брендтің скауттары байқаған.

Сәтсіз кастингтер
Модельдік жұмыспен қатар Пол он жыл бойы кастингтерге қатысқанмен, үнемі бас тартумен бетпе-бет келген. Бір таңғалдырарлығы, оған көбінесе «рөл үшін тым сымбаттысың» деген себеп айтылыпты. Тек «Охота Саманты Бёрд» хикаясына бекітілгенде ғана сең қозғалғандай болған еді, бірақ 2023 жылғы сценаристер ереуілінің кесірінен түсірілім алты бөлімнен соң тоқтап қалды.

«Американская история любви»
Райан Мерфидің жобасына да ол бірден қабылданған жоқ. Алғашқы сынақтардан соң жауап келмей, кейінірек басқа үміткерлердің қарастырылып жатқаны туралы хабар алған. Тек бірнеше айдан кейін ғана кастинг-директор оны қайта көргісі келетінін айтып, қосымша жазба сұратқан. Жазбаны жібергеннен кейін небәрі жиырма минут ішінде продюсермен сөйлесуге шақырту алған Пол кейінірек ұжымның мыңнан астам үміткерді қарап, лайықтысын таба алмағанын білді.

«Америкалық ханзада» бейнесі
Джон Кеннедидің рөлі үшін Пол өзінің дене бітімін айтарлықтай өзгертті. Модель ретінде арық болу талап етілсе, мұнда керісінше бұлшықет жинап, салмақ қосу керек болды. Күн сайын спортзалда күштік жаттығулар жасап, кеуде мен арқа бұлшықеттеріне басымдық берді. Сонымен қатар, канадалық акценттен арылу үшін диалект маманымен жұмыс істеп, кіші Джонның сөйлеу мәнері мен дауыс ырғағын ұстап қалу үшін оның әкесінің кітабын – «Профили мужества» туындысын оқыған жазбаларын күнделікті тыңдаған. Әр түсірілім алдында татуировкаларын жасырып, Кеннедидің шаш үлгісін жасау үшін стилистер бір жарым-екі сағаттай уақытын жұмсайтын болған.
Кіші Джон Ф. Кеннедидің рөлі үшін оған дене бітімімен байыпты жұмыс істеуге тура келді. Егер модельдік мансабында одан арық болу талап етілсе, мұнда, керісінше, салмақ қосып, бұлшықет массасын арттыру керек болды. Күн сайын ол спортзалда уақыт өткізіп, күштік жаттығуларға – ең алдымен кеуде мен арқаға басымдық берді.
Мәнер мен дауысқа ерекше көңіл бөлінді. Онымен диалект бойынша жаттықтырушы жұмыс істеп, канадалық акценттен арылуға көмектесті. Пол дайындық кезінде кіші Джон Ф. Кеннеди туралы көп оқығанын және таба алған дүниесінің бәрін көргенін айтты. Джонның сөйлеу мәнері мен дауыс ырғағын (тембр) ұстап қалу үшін ол күн сайын Джонның өз әкесінің «Профили мужества» кітабын оқыған жазбаларын тыңдап отырған.
Және, соңғысы, грим: әр түсірілім алдында ол бір жарым-екі сағат уақыт алатын. Уақыттың көп бөлігі актерде өте көп кездесетін татуировкаларды жасыруға жұмсалды. Джонның шаш үлгісін қайта жасау үшін шаш стилисі екі арнайы накладканы қолданды, соның көмегімен қажетті форма мен максималды ұқсастыққа қол жеткізілді.


Жеке өмірі
Өзінің экрандағы кейіпкеріне қарағанда, Келли айтарлықтай тыныш жеке өмір кешеді – ол Сид Видзишевски-Келлимен некеде. Олар 2023 жылы үйленген. Сид – продюсер, ол Хоакин Феникс қатысқан «Камон, Камон» және Гарри Стайлс, Флоренс Пью мен Оливия Уайлд түскен «Не беспокойся, дорогая» фильмдерінде жұмыс істеген.
2026 жылдың басында жұптың тұңғышы дүниеге келді. Бір қызығы, әйелі жүкті екенін оған Пол «Американская история любви» хикаясындағы рөлге бекітілген күні хабарлаған. Қазіргі уақытта отбасы АҚШ-тың Портленд қаласында тұрады.
Алдағы жоспарлар
«Американская история любви» телехикаясы стриминг платформалары мен халықаралық чарттарды қарқынды бағындырып келеді: Rotten Tomatoes-та сыншылардың 81% және көрермендердің 76% оң бағасын алуы, сондай-ақ IMDb-дегі 7,7/10 көрсеткіші бұл туындыны маусымның ең жоғары бағаланған жаңалықтарының біріне айналдырды. Соңғы бөлімі 2026 жылдың 26 наурызында жарық көрмек, демек, көрерменді ынтықтырған жұмбақ әлі де шешімін тапқан жоқ.
Пол Энтони Келли өз кезегінде уақыт жоғалтпай, қарбалас болып жүр: промотур аясында ол эфирлерге шығып, қызыл кілемдерде бой көрсетіп жүр, ал жақында Dior көрсетіліміне де барды. Шамасы, жақын арада оны ірі сән үйінің амбассадорлығы мен жаңа рөлдер күтіп тұрған сияқты. Канадалық жігіттің американдық арманын қалай жүзеге асырып, Голливудтың нағыз жұлдызына айналып жатқанын бәріміз бірге тамашалап, бақылайтын боламыз.
