Lifestyle|Entertainment

Америкалық рестлер әрі актер Халк Хоган дүниеден озды

Автор Зарина Баймусина
25.07.2025
Рестлер және актер Халк Хоган | Getty Images
IMAGE Рестлер және актер Халк Хоган | Getty Images

Халк Хоган 71 жасқа қараған шағында жүрек талмасынан қайтыс болды

80-ші жылдардағы рестлингтің ең жарық жұлдызы Халк Хоганның шын есімі Терри Боллеа еді. 1983 жылы World Wrestling Federation-мен келісімшартқа отырғаннан кейін оның есімі бүкіл әлемге танылды. Оның харизмаға толы образы мен WrestleMania шоуына қатысуы рестлингтің жаңа дәуірін бастады.

Рингтегі мансабымен қатар, Хоган киноға да түсе бастады. Оның кинодағы дебюті 1982 жылы «Рокки 3» фильміндегі эпизодтық рөлден басталды. Кейінірек ол «Все захваты разрешены», «Коммандо из пригорода» және «Мистер няня» сияқты фильмдерде ойнады. Сонымен қатар, ол өз отбасының өмірі туралы «Hogan Knows Best» реалити-шоуының жүргізушісі болды. Хоган The Wrestling Boot Band тобының фронтмені болып, музыка саласында да өзін сынап көрген. Топтың «Hulk Rules» атты альбомы 1995 жылы Billboard Top Kid Audio чартында 12-орынға ие болды.

«Ол керемет адам еді, ал оның таңғажайып шеберлігі «Рокки 3» фильмін ерекше етті», – деп жазды актер Сильвестр Сталлоне өз парақшасында.

«Рокки III» | imdb.com
«No Holds Barred» | imdb.com
«The A-Team» | imdb.com
«Мистер няня» | imdb.com
4 фотоның / 1 фотосы «Рокки III» | imdb.com