Lifestyle|Entertainment

ALPHA тобы қызғаныш психологиясы туралы жаңа бейнебаян ұсынды

АвторыВиолетта Тельманова
01.10.2026
і | Фотограф: Гүлнар Сұлтанмұратова
IMAGE і | Фотограф: Гүлнар Сұлтанмұратова
Квартет меншіктену сезімі мен психологиялық қысымды төрт түрлі сценарий арқылы ашып көрсетеді

ALPHA тобы жаңа синглын шығарып, іле-шала оған түсірілген бейнебаянды да таныстырды. QYZGANAMYN – бұл қызғаныш, тәуелділік және сүйген адамыңның өміріндегі жалғыз адам болуға деген құштарлық туралы оқиға. Әнде бұл сезім өте жеке, тіпті ауыр қабылданады: басты кейіпкер сүйіктісін басқа адамдардан ғана емес, оған қатысты барлық нәрседен, тіпті оның көз жасы мен киімінен де қызғанады.

Қызғаныш сезімі төрт түрлі ракурстан көрсетіледі. Топ мүшелерінің әрқайсысы – NB, i, A.Boo және QOZZY – басқа адамның назары мен сезімін бақылауда ұстауға тырысатын жеке мінез-құлық үлгісін сомдайды.

NB зертханада қызға тәжірибе жасап, оны жылатуға тырысатын ғалым бейнесінде көрінеді. Ол эмоционалды тәуелділікті нағыз психологиялық қысымға айналдырады.

NB | Фотограф: Гүлнар Сұлтанмұратова
IMAGE NB | Фотограф: Гүлнар Сұлтанмұратова

Ал i суретшінің рөлін сомдайды. Ол қыздың мінсіз портретін салмақ болып, қалаған нәтижесіне жете алмаған соң, суретті емес, кейіпкердің өзін өзгертуге кіріседі – қажетті бейнені тікелей оның денесіне салады.

i | Фотограф: Гүлнар Сұлтанмұратова
IMAGE i | Фотограф: Гүлнар Сұлтанмұратова

A.Boo оқиғасы гүлді алқаптағы романтикалық көріністен басталады. Бірақ бірте-бірте оның қыз назарын өзінде ұстауға деген ұмтылысы толық бақылауға ұласады. Ол қыздың көзін байлап тастайды. Нәтижесінде айналадағы әлем жойылып, қыз тек оны ғана көре алады.

A.Boo | Фотограф: Гүлнар Сұлтанмұратова
IMAGE A.Boo | Фотограф: Гүлнар Сұлтанмұратова

QOZZY қызғанышты сталкинг (аңду) арқылы көрсетеді. Ол кейіпкерді камералар арқылы аңдып, толассыз хаттар жолдайды. Осылайша қыздың жеке кеңістігін толық жаулап, оның басқа адамдармен байланысын үзеді.

QOZZY | Фотограф: Гүлнар Сұлтанмұратова
IMAGE QOZZY | Фотограф: Гүлнар Сұлтанмұратова

Авторлардың ойынша бұл төрт сюжеттік желі визуалды түрде әртүрлі болғанымен, бәрі бір нәтижеге алып келеді: шектен тыс сүйіспеншілікке түскен адам бірте-бірте жеке тұлға болудан қалады. Видеохикаяның соңында басты кейіпкер бәрін артта қалдырып, жарық пен бостандыққа қарай бос дәлізбен жалғыз өзі кетіп бара жатады.

QYZGANAMYN синглын қазір барлық цифрлық платформалардан тыңдауға болады.