Аймақтағы ең ірі теннис турнирі – Almaty Open ATP 250 жеңімпаздары туралы баяндаймыз
Алматыда 11-19 қазан аралығында Almaty Arena спорт кешенінің алаңдарында өткен Almaty Open ATP 250 турнирі өз мәресіне жетті. Бас жүлде үшін әлемнің түкпір-түкпірінен келген 28 теннисші, соның ішінде Даниил Медведев, Синтаро Мотидзуки, Карен Хачанов, Флавио Коболли, Лучано Дардери, сондай-ақ қазақстандықтар Александр Шевченко, Бейбіт Жукаев, Әмір Омарханов, Денис Евсеев, Тимофей Скатов, Михаил Кукушкин және басқалары бақ сынасты.
Турнирдің финалдық кездесуінде ресейлік Даниил Медведев пен француз Корентен Муте кортқа шықты. Тартысты өткен ойында Медведев 7:5, 4:6, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Бұл – оның карьерасындағы 21-ші титулы және 2023 жылдың мамырынан бергі алғашқы жеңісі болды. Жеңісі үшін теннисші 250 рейтингтік ұпай мен $160 550 жүлде қорын иеленді.
Сондай-ақ, Almaty Open аясында ATP 250 жұптық турнирі де өтті. Финалда германиялық Якоб Шнайттер мен Марк Вальнерді 6:4, 7:6 (9:8) есебімен жеңген француздықтар Тео Аррибаж бен Альбано Оливетти чемпион атанды. Олар 250 рейтингтік ұпайға және екеуіне ортақ $55 830 жүлде қорына ие болды.
Турнирдің негізгі серіктестерінің бірі – Beeline Janymda. Спортта және желіде тұрақты мобильді қолдау.
