Әнші 2026 жылдың 3 қыркүйегінде Астанадағы «Астана Арена» стадионында өнер көрсетсе, 5 қыркүйекте Алматыдағы Орталық стадионда жанкүйерлерімен қауышады.
Billboard басылымы Энрике Иглесиасты «Барлық уақыттың ең ұлы латын әртісі» деп таныды. Бұл — жай ғана атақ емес, оның музыка әлеміндегі мызғымас беделінің айғағы. Бүгінде әншінің сатылған альбомдары мен жинақтары 180 миллионнан асып жығылады. Ал оның Billboard чарттарында орнатқан рекордтарын тізбелеудің өзі бір төбе: тек Hot Latin Songs тізімінде 27 бірдей туындысы көш бастап, тарихқа енді. Энрикенің өнері тілдік кедергілерді бұзып, жанр шекарасын сызып тастаған ерекше құбылысқа айналды.
Қазақстандағы концерттерде жанкүйерлер әлемдік хитке айналған отты би ырғақтарымен бірге, жан дүниені тербейтін сырлы балладаларды да тыңдай алады. Кештің билеттері Freedom Ticketon ресми платформасында сатылымға шықты.
