27 жастағы актрисаның таңдауы 30 жастағы америкалық әнші әрі ақын Кристиан Ли Хатсонға түсті. Жұп үйлену тойын 14 ақпан – Әулие Валентин күні Нью-Йорк қаласында атап өтті. Салтанатты рәсім тек жақын туыстары мен достарының қатысуымен, тар шеңберде өтті.
Қонақтардың арасында Майяның ата-анасынан бөлек, «Stranger Things» хикаясындағы әріптестері: Финн Вулфхард, Гейтен Матараццо, Джо Кири, Сэди Синк және өзге де актерлер болды.
Майя мен Кристиан осыдан бірнеше жыл бұрын музыкалық жазба кезінде танысқан. Музыкант актрисаның 2024 жылы жарық көрген Chaos Angel альбомына атсалысқан болатын. Ғашықтар алғаш рет көпшілік алдына 2025 жылдың сәуірінде, Нью-Йорктегі John Proctor Is the Villain спектаклінің премьерасында бірге шықты.
Кристиан үшін бұл – екінші неке: ол бұған дейін әнші Шэрон Силвамен отасқан болатын.
