Алматыдағы мінсіз гүл композицияларын жасайтын гүл дүкендерін аралап, мейрам қарсаңындағы науқандарға шолу жасап қайттық
Сегізінші наурызға гүл сыйлау жай ғана дәстүр емес. Бұл – сөзсіз айтылатын алғыс, сүйіспеншілік пен нәзіктіктің белгісі. Дұрыс таңдалған гүлшоқтар нағыз мерекелік көңіл күйі сыйлап, көздің жауын алумен қатар ерекше естелік қалдырары сөзсіз.
Біз Алматыдағы ең стильді, трендтен қалмайтын, мінсіз гүл композицияларын ұсынар төрт гүл дүкеніне шолу жасадық. Мұндай гүлдерді сыйлағанда, олардың әсерін сөзбен емес, жүрекпен сезінесіз.
Something Else
Бұл дүкендегі әр композиция – минимализм мен батыл түстердің үйлесімі. Дүкеннің негізін қалаушылар Еуропада тәжірибе жинақтап, Нью-Йорктің Saipua гүл фермасында шеберлігін шыңдаған. Сіз тек гүлді кімге сыйлатыныңыз бен оның мінез-құлқын сипаттап берсеңіз болғаны. Өз ісінің нағыз майталмандары эмоцияға толы тамаша букет жинап береді. Something else гүл дүкенінің мамандары – ниетіңізді гүл арқылы түсіндіретін «сезім аудармашылары».
8 наурызға арналған арнайы науқан: әрбір гүлшоққа Tatler журналының наурыз айындағы нөмірі сыйлыққа қоса беріледі.
Бағасы: 15 000 тңг басталады
Мекенжайы: Байсейітова к-сі, 3, Synesthesia концепт-дүкені



Malli Botanicals
Егер көктем келіп, қалың ұйқыдан оянған тіршілікпен бірге түрлене бастаған табиғаттай ерекше әсер сыйлар гүлшоқ іздесеңіз, Malli Botanicals – тамаша таңдау. Раушан, нәркес, таушымылдық сияқты ең керемет көктем мезгіліне сай гүлдерді осы жерден табасыз. Malli Botanicals дүкенінде гүлдермен қоса, үй өсімдіктерін де, тәттілерді де сатып алуға болады. Тіпті ауызашарға арналған құрмадан жасалған ерекше тәттілер де бар.
8 наурызға арналған науқан: әрбір гүлшоққа тәж тарту етіледі.
Бағасы: 11 500 тңг басталады
Мекенжайы: Назарбаев даңғ., 113



Sarah Flower Studio
Бұл флористика студиясы – мағына мен эмоцияның үйлесімі. Sarah Flower Studio букеттері әдемілікпен қоса белгілі бір сезімді жеткізу үшін жасалады. Сәнді, ерекше, харизмасы бар композициялар – осы дүкенге ғана тән ерекшелік. Мұнда сізге флористер классикалық емес, заманауи әрі терең мағыналы гүлшоқтарды ұсынатынына күмән жоқ.
8 наурызға арналған науқан: бір гүлшоқпен бірге 3 тәтті-дәмді ұсынылады (бағасы – 29 500 теңге).
Бағасы: 20 000 тңг бастап
Мекенжайы: Сейфуллин к-сі, 574/1к1 (ЖК Central Avenue)



Gulderiki
2020 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан Gulderiki гүл дүкені – Алматының флористика әлеміндегі батыл ойыншы. Бұл – қарапайым гүл сататын дүкен емес, стиль мен эмоция және өнер әлемі тоғысқан жер. Мұндағы композициялар ерекше, қайталанбас әрі таптаурындардан ада. Сонымен қатар дүкендер желісі өз парақшасында түрлі кино мен сериалдарда басты кейіпкердің өз сүйіктісіне не себепті белгілі бір гүлдерді сыйлайтынын түсіндіріп, әрбір гүлдің артында жатқан месседжді ашып айтудан жалықпайды.
8 наурызға арналған арнайы науқан: 5 гүлшоғынан көп тапсырысқа 10%-дық жеңілдік беріледі және бесінші наурызға дейін тапсырыс берген жандарға хош иісті шам мен сіріңке сыйлыққа тарту етіледі.
Бағасы: 7 000 тңг басталады
Мекенжайы: Байсейітова к-сі, 32


