Lifestyle|Entertainment

A$AP Rocky Рианнаның жаңа альбомы туралы құпияны байқаусызда ашып қойды

АвторыTatler Kazakhstan
06.08.2026
A$AP Rocky | Michael Loccisano / Getty Images
IMAGE A$AP Rocky | Michael Loccisano / Getty Images
Он жылға жуық уақыт бойы тағатсыздана күткен жанкүйерлер енді терең демін алса болады. Рианнаның жаңа альбомы шынымен де дайындалып жатқан сыңайлы

5 тамыз, сәрсенбі күні The Jason Lee подкастында әншінің сүйіктісі әрі 3 баласының әкесі, рэпер A$AP Rocky Рианнаның жаңа туындылар жазуға қызу кіріскенін растады. BBC арнасының хабарлауынша, жүргізушінің «жұлдыздың мансабындағы ұзақ үзіліске сіз кінәлі емессіз бе?» деген төтесінен қойған сұрағына музыкант жоқ деп жауап беріп, «Ол қазір студияда», – деп ішкі ақпаратпен бөлісті.

Сұрақтардың астында қалған рэпер күлімсіреп: «Ол бірдеңе дайындап жатыр», – деп қосты. Алайда Рианнамен бірігіп екі альбом жазады деген қауесетті бірден жоққа шығарды. Сонымен қатар A$AP Rocky құпияны уақытынан бұрын ашып қойғаны үшін өзінің «бәлеге қалатынын» айтып әзілдеді.

Еске сала кетейік, әншінің соңғы Anti студиялық альбомы сонау 2016 жылы жарық көрген болатын. Содан бері 38 жасар Барбадос тумасы бүкіл назарын өзінің бизнес-империясын дамытуға аударды. Оның ішінде Fenty Beauty косметикалық бренді мен іш киім желісі бар. Дәл осы кәсібі оған Forbes нұсқасы бойынша миллиардер атануға жол ашты.

Осы жылдар аралығында Рианна көбінесе фильмдерге арнап жекелеген синглдар ғана шығарып келді. Олардың ішіндегі ең танымалы – 2022 жылы жарық көрген «Черная пантера: Ваканда навеки» фильміне жазылған Lift Me Up әні.