Lifestyle|Entertainment

80-жылдардың гламуры қайта оралмақ: Майкл Б. Джордан мен Остин Батлер «Майами полициясының» жаңа нұсқасында бас қосады

АвторыTatler Kazakhstan
13.10.2026
Майкл Б. Джордан және Остин Батлер | «Майами полициясы: Арнайы қылмыстар бөлімі» сериалынан кадр
IMAGE Майкл Б. Джордан және Остин Батлер | «Майами полициясы: Арнайы қылмыстар бөлімі» сериалынан кадр
80-жылдардың культтік сериалы негізінде түсірілетін жаңа фильм кең прокатқа 2028 жылдың мамыр айында шығады

Universal Pictures студиясы аты аңызға айналған «Майами полициясы: Арнайы қылмыстар бөлімі» (Miami Vice) сериалының жаңа кинонұсқасын – «Майами полициясы ‘85» фильмін – түсіре бастады. Жасырын жұмыс істейтін детективтер Рикардо Тубс пен Сонни Крокеттің басты рөлдерін Майкл Б. Джордан мен Остин Батлер сомдайды. Желіде актерлердің өз кейіпкерлерінің образындағы алғашқы постерлері де пайда болды – бұл көрініс Tatler редакциясын шынымен де тәнті етті.

Картинаның режиссері – «Топ Ган: Мэверик» пен «F1» фильмдерімен танымал Джозеф Косински. Энтони Ерковичтің кейіпкерлеріне негізделген сценарийді Дэн Гилрой жазды. Продюсерлер – Косинскидің өзі мен Дилан Кларк.

Фильм басты рөлдерін Дон Джонсон мен Филип Майкл Томас сомдаған 1984 жылғы түпнұсқа телесериалдың пилоттық эпизоды мен бірінші маусымына негізделген. Жаңа туынды 1980-жылдардың ортасындағы Майамидің гламуры мен қылмыс әлемі астасқан ерекше атмосферасын қайта жаңғыртады. Айта кетейік, эфирде бес жыл бойы көрсетілген түпнұсқа сериал сол дәуірдегі мода мен кинематографқа үлкен ықпал еткен еді.

Жұлдызды актерлер құрамына Олден Эренрайк, Уитни Пик, Камила Морроне, Дэнни Рамирес, Джон Легуизамо, Эндрю Шульц, Эди Гатеги, Уолтон Гоггинс, Андре Холланд және Майкл Айрби енді.

«Майами полициясы ‘85» фильмінің әлемдік премьерасы 2028 жылдың 19 мамырына жоспарланып отыр.