Lifestyle|Arts

Жас қазақстандық суретшілердің 2025 жылға деген көзқарасы

Автор Егор Ходаков
30.12.2024
Жас қазақстандық суретшілердің 2025 жылға деген көзқарасы

Өсу мүмкіндігі, белгісіздік және жарқын болашаққа деген сенім: жас суретшілер 2025 жылдан не күтетіні туралы әңгімелейді

Жылдың аяғы — қорытынды жасайтын, сондай-ақ адамдар жүрегіне сенім ұялатып, болашақты тағатсыздана күтетін, жоспар құрып, армандайтын кез. Адам жаңа жылға қарай алғаш қадам басқанда ойды түрлі образдар мен символдарға толтыратын белгісіздікке сүңгіп, батқандай болады. Бұл визуалды метафоралар адамды толғандырып, алдағы өзгерістерді толыққанды түсінуге мүмкіндік береді әрі абстракт ойларға пішін дарытады. Жас қазақстандық суретшілерді келер жылды өнер тұрғысынан талдауға шақырып, оны қандай символ не образ арқылы сипаттауға болатыны жөнінде сұхбаттастық. 

Kokonja

Дария Нұртазина (Kokonja) — Ақмола облысының Жалғызқарағай ауылынан шыққан суретші, композитор әрі диджей. 2024 жылы Дарияның жетістіктері көп болды — суретші ZVUK кешінде өнер көрсетіп, Тбилисидегі New Beginnings x Group Exhibition экспозициясына қатысып, Ambujerba-мен бірге Kokomba көрмесін ұйымдастырды.

Дария Нұртазина (Kokonja) | Фотограф: Аружан Жанова
IMAGE Дария Нұртазина (Kokonja) | Фотограф: Аружан Жанова

«Бұл сурет — «Жыл мезгілдері» атты абстракт образ, яғни қыс, көктем, жаз және күз. Алдымызда Христостың дүниеге келгенінен бастап есептегенде 2025 жыл тұр, XXI ғасырдың үшінші онжылдығының бесінші жылы. Әлі де Жердеміз, аспанымызда жұлдыздар жылтылдайды. Көк Жылан жылы келіп қалды. 2024 жыл бізге болашақтан жақсылық күткен еш пайдасы жоқ, тіпті зиян нәрсе екенін көрсетті. Жарқын болашаққа деген сенім мен үміт қана қалды. Үміті бардың жаны жай табады, ғашықтар бірге болады, бар проблемалар ақырында шешіледі».

Жас қазақстандық суретшілердің 2025 жылға деген көзқарасы

Винченцо Ауджелло

Алматыдан шыққан жас суретші. 2024 жылдың қарашасында Faces Beyond атты жеке көрмесі өткен болатын.

Винченцо Ауджелло | Фотограф: Аружан Жанова
IMAGE Винченцо Ауджелло | Фотограф: Аружан Жанова

«Картинадағы сәби жаңа өмірдің басын, болашаққа деген үмітті бейнелейді. Бұл образ қиындық пен өзгерістің артында жаңару және өсу мүмкіндіктері жататынын еске салады».

Жас қазақстандық суретшілердің 2025 жылға деген көзқарасы

Саян Байғалиев

Шығыс Қазақстан облысының Бетқұдық ауылынан шыққан жас суретші. Forbes Kazakhstan-ның 2024 жылғы «30-ға дейінгі 30» атты жас көшбасшылар тізіміне кірген жан. Туындылары биыл Венецияда өткен Arsenale Nord іс-шарасында, сондай-ақ желтоқсанда ұйымдастырылған жеке Matte(r)reality көрмесінде ұсынылған болатын.

Саян Байғалиев | Фотограф: Аружан Жанова
IMAGE Саян Байғалиев | Фотограф: Аружан Жанова

«Соңғы кезде елдің көзіне жиі түсетін образым қос қабырғасы есікке толы, соңы қараңғыдан көрінбейтін дәлізге айналды. Бұл дәлізде жарық жоқ, болашаққа тән белгісіздікке ұқсайды. Оның соңына дейін жеткім келмесе де, алға ұмтылуға мәжбүрмін».

Жас қазақстандық суретшілердің 2025 жылға деген көзқарасы

Ambujerba

Тахир Яхьяров (Ambujerba) — Алматыдан шыққан жас суретші. 2024 жылы Kokonja-мен бірге ұйымдастырған Kokomba көрмесі өтті. Сонымен қатар 26 қаңтарға дейін созылатын «Қағаз көрмесіне» қатысты.

Тахир Яхьяров (Ambujerba) | Фотограф: Аружан Жанова
IMAGE Тахир Яхьяров (Ambujerba) | Фотограф: Аружан Жанова

«Осы образды өзім таңдағаныммен, оның мән-мағынасы мен айтпақ ойын еш сипаттай алмаймын. Адамдардан да, өзімнен де, Жаңа жыл сынды абстракт категориядан да ешнәрсе күтпеймін. Қазіргі таңдағы тілектерім қарапайым қажеттіліктен аспайды».

Жас қазақстандық суретшілердің 2025 жылға деген көзқарасы